Жазда – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Жазда» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.02.2022
  • 0
  • 0
  • 2445
Туған елдің тау-қырын
аралаймыз, шарлаймыз.
Тамашалап таң нұрын,
демаламыз жаздай біз.
Толқынменен жарысып,
шомыламыз суға біз.
Батырлармен табысып,
есітеміз түрлі аңыз.
Қалықтайды күміс күн,
әнге басып келеміз.
Әкелердің ұлы ісін
жалғастыра береміз.
Біз өрлеген құздарда
шаттық үні орнады.
Шақырады бізді алға
жаңа жорық жолдары.
1971


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жазда өлеңінің авторы кім?

Фариза Оңғарсынова — осы өлеңнің авторы.

Жазда өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жазда өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Фариза Оңғарсынова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жазда өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері