Тілге керек тиянақ

Бұл бетте «Тілге керек тиянақ» атты Шөкімов Сағибек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жаңа туған сәбидің
Екi анасы болмайды
Қазақ тілі мүсәпір
Көңiл соған толмайды

Жоғалса тілім кім болам
Құмға сіңген су болам
Құрдымға кетсе қазағым
Өгейсіп қалар кең далам

Тiлi шолақ пенделер
Мылқау емей немене
Кек кернеген бойымда
Жүрек оты сөне ме

Тiлiм далам кесілген
Жасырамын несін мен
Құдiретiнен айырылып
Әр жерiнен кесілген

Тілім менің бұлағым
Шөліркесем суатым
Тілсіз ойым қараңғы
Тiлiм менiң қуатым

Айқын сара жолы жоқ
Мынау жалпақ фәнидің
Екi анасы болмайды
Іңгәлаған сәбидің

Өз тіліңді ұмытсаң
Мамық емес, құм жастан
Талай-талай жазды ақын
Тіл туралы тынбастан

Неге сөніп, өшеді
Тілім менің көшелі
Ұмытуға бола ма
Әке менен шешені

Бал тілімді бүлдіру
Ұрпақтарға қиянат
Тiлiң өшсе өлгенің
Тiлге керек тиянақ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тілге керек тиянақ өлеңінің авторы кім?

Шөкімов Сағибек — осы өлеңнің авторы.

Тілге керек тиянақ өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тілге керек тиянақ өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөкімов Сағибек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тілге керек тиянақ өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері