Елім менің

Бұл бетте «Елім менің» атты Шөкімов Сағибек жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қалың елім, қазағым, қара орманым,
Мен перзентің, өзіңсің бар арманым.
Дүниеде ел болмас сенен ыстық,
Кеңдігіңе пейіліңнің таң қаламын.

Кеңдікте бар, даламда дархандықта,
Пәктікте бар, бар онда жомарттықта.
Байлық көзі кең далам жазиралы,
Дастарханым көрсеткен мырзалық та.

Дала, дала даладай көңіл менде,
Жақсылықты танымас, бiлмес пенде.
Пәк сезімім өзіңде тамыр жайған,
Бәйшешегім гүлденген мәңгі сенде.

Жаным бірге сенiмен, тәнiм бiрге,
Көз жұмамын, кiремiн сенде көрге
Кең әлемнің, бөлшегі алтын елім,
Салиқалы ел болып, шықшы төрге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Елім менің өлеңінің авторы кім?

Шөкімов Сағибек — осы өлеңнің авторы.

Елім менің өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Елім менің өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Елім менің өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері