Ұстаздардың ұстазы – Шөкімов Сағибек

Бұл бетте «Ұстаздардың ұстазы» атты Шөкімов Сағибек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Ұстаздан білім алады,
Батырлар да, дана да.
Ұстаздың еткен еңбегі,
Қалады мәңгі санада.

Ұстаз деген шамшырақ,
Жарық қылған жолыңды
Ұстаз деген танытқан,
Оңың менен солыңды.

Ұстаз деген кемеңгер,
Ұстаз деген көреген.
Әр кезеңде шәкіртін,
Куанышқа бөлеген

Ұстаз деген ол өмiр,
Бірге болар күнің де.
Тектіліктің барлығы,
Жинақталған үнінде.

Ұстаз деген сая-бақ,
Тынысыңды кеңейткен.
Ұстаздардың алдынан,
Жас та, кәрі бәрі өткен.

Ұстаз деген карлыгаш,
Балапанын ұшырған.
Ұстаз деген иманды,
Бар асылын ұсынған.

Ұстаз деген асқар тау,
Ұстаз деген айдын да.
Ұстаз барда серпілер,
Кеудедегі қайғыңда.

Ұстаз деген қыран құс,
Қос қанатын қомдаған.
Ұстаз деген болашақ,
Тұлғаларды сомдаған.

Ұстазда көп өнеге,
Ала білсең болғаны.
Бар қиындық шешілер,
Ұзын сонар жолдағы.

Ұстаз деген ертегі
Ғажайып сыр шертеді.
Жақсылыққа қуанып,
Жамандықты серпеді.

Ұстаз деген бәйтерек,
Мәуелеген бұтағы
Ақылы мен кеңесiн,
Құйып алған ұтады.

Ұстаз деген ағын су,
Күш жiгердi молайтқан.
Қалар мәңгі есіңде,
Тәрбие-тәлім ол айтқан.

Ол мәңгiлiк тоқтамас,
Ұстаз деген қозғалыс.
Арадай бал жинаған,
Кеудесi толы толғаныс.

Ұстаз деген кім десең
Көріп жүрсiң күнде сен.
Ұстаз деген кеудеңде,
Қателік жоқ күн десең!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұстаздардың ұстазы өлеңінің авторы кім?

Шөкімов Сағибек — осы өлеңнің авторы.

Ұстаздардың ұстазы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұстаздардың ұстазы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөкімов Сағибек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұстаздардың ұстазы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері