Құбылып шыққан сырнайсың
Бұл бетте «Құбылып шыққан сырнайсың» атты Шөкімов Сағибек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Құбылып шыққан сырнайсың
Жүректің жырын жырлайсың
Жанымды менiң паршалап,
Тәнiмдi менiң турайсың.
Құбылып шыққан сырнайсың
Жүректің жырын жырлайсың,
Сиқыры бар ма көзіңнің.
Сезімнің жібін ұрлайсың.
Құбылып шыққан сырнайсың.
Жүректiң жырын жырлайсың.
Шақырып мені алыстан,
Қолыңды маған бұлғайсың.
Құбылып шыққан сырнайсың.
Жүректің жырын жырлайсың.
Алдымда менiң күлімдеп,
Жадырап күндей тұрғайсың.
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі