Бұл бетте «Ақындық жұқсын бауырым» атты Абдулмахмуд Пошатаев жазған бауыр туралы өлең берілген.
Берсе екен санасына, ақылына,
Ұл тартып кетпесе екен, жатырына.
– Аға – деген даладай атағы бар,
Ағалар бар, сөзі өтпес қатынына.
Қатынды қысып алып тақымыңа,
Қарассаң кем болмайсың жақыныңа.
Інім–ау, бабалардың бағы қонсын,
Ақназардай жас талант ақыныма.
Батырлық, байлық, билік тегімізде,
Не жоқ дейсің, інім-ау тегі бізде.
Қатын жолда қалсыншы, тәңір атқан,
– Тегі ұлы – балалар бар белімізде.
Адассаң жас кезіңде адас жаным,
Жасың келіп жеткенде адаспағың.
Атаң айтқан «боркемік» болма інім,
Төңкеріліп кетсе де қара аспаның.
Бұл өмірде қарағым адаспағын.
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі