Сағындым – Шөкімов Сағибек

Бұл бетте «Сағындым» атты Шөкімов Сағибек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Тай құлындай тебіскен,
Құрдасымды сағындым.
Оңашада отырар,
Сырласымды сағындым.
Толқып жатқан сағымдай,
Белесiмдi сағындым.
Өксіп кеткен дәуренім,
Елесiмдi сағындым.
Тылсым дүние өзгерді,
Кешегiмдi сағындым.
Ақыратын азынап,
Есегiмдi сағындым.
Самал ескен алдымнан,
Айлы түнді сағындым.
Куат берген, күш берген,
Шуақ күнді сағындым.
Берік болып тербеткен,
Туған жерді сағындым.
Бала болып ер жеткен,
Туған елді сағындым.
Сәйгүлікке жем берген,
Кездерiмдi сағындым.
Баласына дем берген,
Асқарымды сағындым.
Бастау алған бұлақтан,
Көлдерімді сағындым.
Нұр тамбаған жырақтан,
Шөлдерімді сағындым.
Жұлдыздарға қол созған,
Тауларымды сағындым.
Іші толы көкөніс,
Бауларымды сағындым.
Малға толы өрісі,
Жайлауымды сағындым.
Еркелеткен «күнім» деп,
Анашымды сағындым.
Шырылдаған көктегі,
Бозторғайды сағындым.
Жұпар шашқан кеудеме,
Ну тоғайды сағындым.
Мен есейіп кетсем де,
Бесігімді сағындым.
Кіріп-шыққан кезінде,
Есiгiмдi сағындым.
Мына өмірдің сыйлаған,
Азабында сағындым.
Дастарханы жайлаудай,
Қазағымды сағындым.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағындым өлеңінің авторы кім?

Шөкімов Сағибек — осы өлеңнің авторы.

Сағындым өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағындым өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шөкімов Сағибек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағындым өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері