Аңсарым өлең еді ес білгелі – Тәкен Әлімқұлов

Бұл бетте «Аңсарым өлең еді ес білгелі» атты Тәкен Әлімқұлов жазған поэзия туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 11.12.2020
  • 0
  • 0
  • 1344
Аңсарым өлең еді ес білгелі,
Ескірді жыр, арай таң ескірмеді.
Шымшыды жүрек қылын өкінішім,
Күй сырын көкейкесті кеш білгелі.
Көңілдің түніне өлең жақты шырақ,
Жеткізбей бірте-бірте кетті жырақ.
Жанымды әлдилемей жылы лебі,
Сарғайдым сағынышта жалғызсырап.
Тиді ме құпия енші өмірден бұл,
Сырымның сыбағасын көңілден біл.
Қарайған өртке күйіп сары жұртта,
Құлпырар жылға жетпей қызғалдық – гүл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аңсарым өлең еді ес білгелі өлеңінің авторы кім?

Тәкен Әлімқұлов — осы өлеңнің авторы.

Аңсарым өлең еді ес білгелі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аңсарым өлең еді ес білгелі өлеңі не туралы?

Бұл шығарма поэзия туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Аңсарым өлең еді ес білгелі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері