Көше – ағын, қозғалған ояу қала – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Көше – ағын, қозғалған ояу қала» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 668
Көше – ағын, қозғалған ояу қала,
Адымдаймын асықпай баяу ғана.
Еске сені салады елестетіп
Біз кездесе беретін аялдама...
Білем, көңіл күйіңді баяндама,
Теңемегін сен мені ай, алмаға.
Кеудемдегі тасыған сезімімді
Төгерімді білмеймін қай арнаға.
Түк сезбейді біз жайлы мынау қала,
Екеумізді тұр бүркеп мұнар ғана.
Пенде болып қаламыз, қиялдағы
Мен – шынар, сен ұқсамай қыранға да...
Қара ағаштың тұрып ап қасына біз,
Өзімізді өзгеден жасырамыз.
Айтарымыз таусылып: «Ал, жақсы!» – деп,
Қоштасуға тезірек асығамыз.
Көше – ағыс, келемін түсімді ойлап,
Сөз астарын өкінем түсінбей қап.
Кешкі күндей өртеніп алаулаймын,
Қимас сезім сәулесі ішімде ойнап...
Ояу өмір айнала, ояу қала,
Жапырақтар билейді баяу ғана.
Осынау бір орта жас, орта жолда
Аялдатпай жүр ме екен аялдама...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Көше – ағын, қозғалған ояу қала өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Көше – ағын, қозғалған ояу қала өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Көше – ағын, қозғалған ояу қала өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Көше – ағын, қозғалған ояу қала өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері