Машук тауында – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Машук тауында» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2154
Күн көзі ұясынан көтеріле,
Қиялдың қияға ұшып жетегінде,
Отырған ойлы ақын жалғыз өзі
Жап-жасыл Машук таудың етегінде.
Қалдырып жер бетінде келеңкесін,
Қиялы кеткен шарлап көк өлкесін.
Демондай құз-қиядан кеткен қарғып,
Бұлттардың қапсырып ап көк өркешін.
Кей кезде дауыл болып арқыраған,
Кей кезде толқын болып сарқыраған.
Кей кезде бойындағы бұлты тарқап,
Күн болып күле қарап жарқыраған.
Жүрегін намыс үшін бояп қанға,
Өр ақын өмір жолын аяқтарда,
Күңіреніп кеудесінен жалын атып,
Төсіне жасын төккен аяп тау да.
Бұлттардың атой салып қолы қалың,
Жапқанда Машук таудың омырауын,
Баяғы өлеңінше сабаз ақын,
Тұрғандай дауылға ашып долы жанын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Машук тауында өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Машук тауында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Машук тауында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Машук тауында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері