Алланың бары ақиқат – Қалқаман Сарин

Бұл бетте «Алланың бары ақиқат» атты Қалқаман Сарин жазған шындық туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 02.03.2017
  • 0
  • 1
  • 18240
«Алладан басқа жоқ Тәңір,
Мұхаммед – оның елшісі».
Соны айтып жаннат баққа кір,
Иманың – жанның емшісі.
Болуы қиын Хаққа құл,
Ібіліс болса көршісі.
Адамның көбіі жатбауыр –
Заманның жалған кем тұсы.
Жер бетіндегі көп қабір –
Адамның алған еншісі.

Құлдың да құлдан несі артық?
Нәпсісін түгел тыйса артық.
Зікір ғып Хақты ішінен,
Иманын кәміл жыйса артық.
Разы боп қылған ісінен,
Раббыңның өзі сүйсе артық.
Жәннаттан бір жай күтіп ең,
Кірерсің сонда күй шалқып.
Анаңның аппақ сүтінен,
Жұмақтың жұпар иісі аңқып.

Ғибадат жасап құрметпен,
Жаратқан хақтың нұрын көр.
Пайғамбар салған сүннетпен,
Жаңылмай жолдан жүріңдер.
Жұмағың жаннат, гүл-Көктем,
Тұрағың болмас жұмыр жер.
Рақым нұр жауып тұр көктен,
Танитын соны ілім бер.
Құлшылық еткен үмметке
Тіршілік етер ғұмыр бер!

Өтпелі мына ғасырдың,
Өткелі қиын жол болар.
Мерейі тасып тасырдың,
Асылдың бағы кем болар.
Сынағы ол да Хакімнің,
Шүкірлік етсең жөн болар.
Есіктен кірген басыңның,
Алатын орны төр болар.
Бесіктен шыққан басыңның,
Баратын жері көр болар.

Құранның сөзі – қасиет,
Пайғамбар сөзі – өсиет.
Ұмытпа сабыр етуді
Көрсең де қайғы, қасырет.
Бабалар өткен не түрлі,
Иманы жалғыз досы боп.
Сүйгені сүннет секілді
Бұйрығы хақтың осы деп.
Ғибратты ғұмыр кешуді,
Бізге де Алла нәсіп ет!


Пікірлер (1)

Канат Карибаев ВКО с. Аксуат

Тамаша бауырым ақ жол өнеріңде

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алланың бары ақиқат өлеңінің авторы кім?

Қалқаман Сарин — осы өлеңнің авторы.

Алланың бары ақиқат өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Алланың бары ақиқат өлеңі не туралы?

Бұл шығарма шындық туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Алланың бары ақиқат өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері