Қызыл алаң – Сырбай Мәуленов

Бұл бетте «Қызыл алаң» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2986
Орнатқандай осы араға әлде кім
Ту түсіндей таңғы аспанды,
Тоқығандай тіні менен сәуленің
Күрең тарғыл татарды.
Кездерінде қатерлі жолға шығар
Қылыштың нұрын тосып күн нұрына,
Ант берген қолбасылар
Шығып алып Мавзолей тұғырына.
Қабылдаған революция жасаған батырларды
Мәрмәр тастың маңдайын күн шалғанда,
Қабырғада қалдырып атын мәңгі
Олар енді айналған шыршаларға!
Жеңістердің тоғысар жері болып,
Салатанатты тербелген күй үнімен,
Лениннің мәңгілік төрі болып,
Дүниені көтерген иығымен.
Қызыл алаң жайнайды от жалқыны боп,
Елімнің лениндік жас күні боп,
Тулайды қызыл мұхит толқыны боп,
Қызыл жалаулар тасқыны боп.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызыл алаң өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Қызыл алаң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қызыл алаң өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қызыл алаң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері