Ғабдолға

Бұл бетте «Ғабдолға» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 0
  • 2158
Сен жоқсың —
Сайранды салатұғын,
Таксиді байлап қойып,
Қақпаны қағатұғын.
Сен жоқсың —
Үстіңнен өтіп жатыр
Өлеңін жазып бұлт.
Саған керегі жоқ
Титімдей темекі мен
Азғантай азық-түлік.
Сен жоқсың —
Алғандайсың көп жүріп,
Жана тыным.
Жатырсың жамылып
Алматының ала түнін.
Сен жоқсың —
Басатын «Балғынкөлге».
Жатырсың тоң астында
Тарғыл белде...
Баладай көңіліңмен
Қалдың елде.
* * *
Құлады ол қырдың басынан,
Жүгірген шақта жалауды ап.
Ал кейін дулығасына
Гүл шығыпты алаулап.
Аты оның болды Анттай,
Шабуылда сол күнгі...
Тұр ма қорғап солдаттай
Сол дулыға сол гүлді.
Дауыл болып күнде соқтың,
Бір күн бармын, бір күн жоқпын.
Таңғы бұлттай жанып, лаулап,
Ортасында жүрмін оттың.
Көз жасымды қорек етіп,
Қасіретімді өлең етіп.
Өткелсіз бір дариядан,
Өкпем өшіп, келем өтіп.
Күрсінсем қақ айрылды бел,
Сақал-шашым кетті ағарып.
Көтере алмас қайғымды жер,
Күңіренбесем көкке барып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ғабдолға өлеңінің авторы кім?

Сырбай Мәуленов — осы өлеңнің авторы.

Ғабдолға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ғабдолға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сырбай Мәуленов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ғабдолға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері