Әлкей Марғұлан – Ғафу Қайырбеков

Бұл бетте «Әлкей Марғұлан» атты Ғафу Қайырбеков жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.05.2019
  • 0
  • 0
  • 5205
...Даланы шарлаған, тау барған,
Қырлардың қыртысын аударған.
Қираған құмыраға жұққан шаңдардан
Өлген қалалар сырын аңғарған
Археолог — Әлкей Марғұлан.
Қос күмбез, төрт құлақ тамдардан,
Сусыз бос қалған аңғардан,
Құлағы тас болған шалдардан
Шым-шымдап шындықты зорға алған
Тарихшы — Әлкей Марғұлан.
Таңбалы жартастың жарынан
Қынаның бояуы қарыған,
Орхон жазуын таныған
Асқан зеректік дарыған
Филолог — Әлкей Марғұлан.
Салтанат, салқар көш сабылған,
Салт-сана, сәукеле салынған,
Сан ғасыр күй тартқан, салып ән
Хабардар қазақтың заңынан —
Этнограф — Әлкей Марғұлан.
Жолынан жұмбақ, тылсым табылған
Ашпа, шешпе, — деп, олар жалынған,
Белгісіз мекендер — ат, айдар тағынған,
Радлов, Потанин таныған
Географ — Әлкей Марғұлан!
Жаңаға жақын жоқ әм бұдан,
Сөз айтса, жұртты естен тандырған.
Кеңес-сұхбаттың бағын жандырған
Шежіре - шешен Марғұлан.
Дауысын тарих шаңы қарыған,
Сонау әлем шарлаған шағынан,
Жылдардың жүйткіп жалынан,
Жетпіске киіктей қарғыған
Марқасқа маңғаз — Марғұлан.
Маңдайдың көлеңке жүрмес маңынан,
Оқымыс екенін ел айтпай таныған,
Қазақтың қалың қауымынан
Құттықтау сәлемін қабыл ал,
Академик — Әлкей Марғұлан!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әлкей Марғұлан өлеңінің авторы кім?

Ғафу Қайырбеков — осы өлеңнің авторы.

Әлкей Марғұлан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әлкей Марғұлан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ғафу Қайырбеков өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әлкей Марғұлан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері