Аға сөзі дұрыс па?

Бұл бетте «Аға сөзі дұрыс па?» атты Қуандық Шолақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2259
«Өзгеріпті қатты інім,
Өзгеше тым құлқы оның.
Титтей болып, тәттінің
Алам дейді үлкенін.

Кім жөндейді мұнысын,
Кеуделеуін қарашы.
Алманың да ірісін
Жеу керек қой ағасы.

Көрдіңдер ме пысығын,
Не дей алам ондайда.
Тамағы да кішінің
Кішкенелеу болмай ма?

Шетке ысырып туысын,
Өңмендеуін қарашы.
Қолғаптың да жылысын
Кимей ме екен ағасы.

Білгішсің бе, айт емін,
Түсініспеу – жаман дерт.
Інілігін қайтемін,
Сыйламаса ағам деп?

...Бағамдаңдар өздерің,
Інісіне – Ырысқа
Айтқан аға сөздері
Дұрыс па, әлде бұрыс па?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Аға сөзі дұрыс па? өлеңінің авторы кім?

Қуандық Шолақов — осы өлеңнің авторы.

Аға сөзі дұрыс па? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Аға сөзі дұрыс па? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Шолақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Аға сөзі дұрыс па? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері