Әділдік

Бұл бетте «Әділдік» атты Қуандық Шолақов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2558
Алма аз-тұғын, Кенже кеп,
Бөлісе алмай, қысылдық.
Ысырдық «сен, сен же» деп,
Бірімізге-біріміз.

Жеткізу боп бар мәні:
– Үлкеніңмін сендердің, –
деп, бөлшектеп алманы
Қылдай етіп тең бөлдім.

Риза оған Санақ та,
Ерсайын да, Самат та.
– Бұл әділ іс болды, – деп,
Айтып жүрді сан апта.

...Болсаң адал, табанды,
Сыйлайды екен қалың жұрт.
Марқайтатын адамды
Жақсы екен ғой әділдік.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әділдік өлеңінің авторы кім?

Қуандық Шолақов — осы өлеңнің авторы.

Әділдік өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әділдік өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қуандық Шолақов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әділдік өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері