Еңсеңді көтерші – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Еңсеңді көтерші» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 830
Қазағым!
Алтай тауын
Саңдықтай ақтарып
Кек түрiктерден қалған
Оқ тауып берейiн.
Аспандағы айды ұстап —
Сәуле,
Жұлдыздарды ұстап -
Қаныңа сiңетiн! —
От сауып берейiн.
Еңсеңдi көтершi.
Отансызыңды
Суға лақтырып,
Отқа салайын;
Опасызыңды
Темiрқазық-жұлдызға
Салбыратып байлап —
Көкесiн көзiне көрсетiп! -
Сабайын.
Қара бұлттарды
Шүберектей сығып
Суын ағызайын;
Жасынның нұры сiңген
Аспанның сол суларын-
Көзiң ашылсын деп! —
Көзiңе тамызайын.
Еңсеңдi көтершi!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Еңсеңді көтерші өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Еңсеңді көтерші өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Еңсеңді көтерші өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Еңсеңді көтерші өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері