Ұйқастар – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ұйқастар» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 1011
Ұйқастар iздеп,
ұйқастар iздеп келем мен
тұңғиық түпсiз тереңнен,
теңiзден долы толқынын атқан кемерден,
аспаннан мынау құстарын тартқан төбемнен.
ғаламат сиқыр дауысты
сөйлейiн деп бiр өлеңмен
ұйқастар iздеп,
ұйқастар iздеп келем мен.
Ұйқастар iздеп ұйқасып кетем бәрiмен,
көлiмен,
тауы,
желiмен;
әуенi,
сазы,
әнiмен!
Жетпестен қалса сөздердiң егер қуаты
ұйқасып кетем
жүректiң дүрсiлдерiмен.
Ұйқасам деп мен найзағайлармен айқасам,
ұйқасам деп мен дауылдарменен шайқасам.
Керек боп жатса мен тiптi
темiрлермен де ұйқасам,
терминдермен де ұйқасам.
Ұйқасып кетем шулы бiр ұлы дүрмекпен,
ұйқасып кетер менiмен мынау нұр көктем.
Кей кезде бұрап ұйқасын бұзам сөздердiң
өмiрдiң iшкi ұйқасы
үзiлiп кетпесiн деп мен,
бұзылып кетпесiн деп мен.
Көргем жоқ әлi шекелеп қарап ойқастап,
жаралған жанмын жарқ етiп жанар жайтастай.
Өтемiн мынау өмiрден
мағына,
жаны,
мәнi жоқ;
бояуы
қаны,
әрi жоқ
ұйқастарменен ұйқаспай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ұйқастар өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ұйқастар өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ұйқастар өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ұйқастар өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері