Ендi қайтпекпiн? – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Ендi қайтпекпiн?» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 24.06.2022
  • 0
  • 0
  • 549
Мен дәл қазiр
Кұлдық заманы көмген
Көрден шығып кеткен
Өлiкпiн!
(Жұлым-жұлым қара аспан
Тас төбемнен
Төнiп тұр).
Жер асты — апыр-ай! —
Қалжыратты.
Жалба-жұлба боп iлiнiп тұрған
Етiм сүйегiмнен
Ажырапты.
Менi мазақ қып
Санын шапаттаған,
Тiлi салақтаған
Жын жиылады.
Жыласам —
Көзiмнен құм кұйылады.
Сордың суымен жуынып,
Дерттi бұлтпен сүртiнсем —
Әлдене жер сияқты
Қақырап сөгiледi.
Сiлкiнсем —
Үстiмнен! —
Бұрқырап
Топырақ төгiледi.
Көрейiн десем
Дүние маған
Ту сыртын берiп
Сырт кеп қонған;
Сөйлейiн десем —
Тiлiмдi! —
Құрт жеп қойған...
Ендi қайтпекпiн?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ендi қайтпекпiн? өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Ендi қайтпекпiн? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ендi қайтпекпiн? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ендi қайтпекпiн? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері