Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан – Темірхан Медетбек

Бұл бетте «Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан» атты Темірхан Медетбек жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 744
Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан
басса келiп назалы мұң салмақтар.
Кетем алыс
найзағайлар сiлкiнiп
жұлдыз жауып жататұғын тау жаққа.
Қараймын деп көкке жанар талдырған,
жуынам деп ақ көбiктi жаңбырға,
жата кетем бiр беткейдi жастанып
сыз табы бар жасыл кiлем шалғынға.
Сыр қып құйып жарық,
сәуле,
жалынын,
таратам деп саз боп аққан ағынын.
жұлдыздармен,
жапырақпен, шөптермен
жалғасады бүкiл талшық, тамырым.
Бiрде шырқау,
бiрде түсiп төменге,
айналам деп ғажап сиқыр өлеңге
қара жерге, түнгi аспанға,
бұлтқа
сiңiп кетем бүкiл осы денеммен.
Сiңiп кетем тұңғиыққа батқандай,
сiңiп кетем алғаш жауған ақ қардай.
Шөптер бiткен жүрегiмдi аралап
менi тесiп өсiп шығып жатқандай.
Дiрiлдеген тоңазытып түнгi ызғар
жалт-жұлт еткен керемет бiр құндыздай,
ағып жатыр омырауымнан домалап
жұдырықтай, жұдырықтай жұлдыздар.
Аспан асты арқырап бiр кiсiнер –
от тасқынды қуат құйып күшiме,
шыға келсем найзағай боп жарқылдап
қаптап көшкен қара бұлттар iшiнен.
Қайтам сонсоң –
бiр суынып,
бiр қызған
айналам деп жұмбағы көп шың-құзға –
найзағайлы бұлттарға оранып
көкiректен сорғалатып жұлдыздар!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан өлеңінің авторы кім?

Темірхан Медетбек — осы өлеңнің авторы.

Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Темірхан Медетбек өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Кетем алыс, қоршап менi жан-жақтан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері