Сезімді шақта

Бұл бетте «Сезімді шақта» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.06.2022
  • 0
  • 0
  • 651
Сұлу мен жасқа тәнің тұрар иіп,
Пәк сезім, өтеуі жоқ, шыда күйіп.
Ақын жан сол шағымен асқақтайды,
Бал сезім беріле алсаң о да биік.
Көңілім ырайланып отырмысың,
Жастық шақ, еске түссе тасыр күшің.
Тәтті ойдың ләззаты менің еншім,
Кешіккен менен соң кеп ғасыр, түсін.
Оңаша, ғажап ойлар, бал бөбектей,
Қана ма құштар көңіл бал ғып өтпей
Сезімім сыйла маған үндес ойлар,
Жүректі жүрек тапсын жалғыз өтпей.
Болмайды-ау сол сезімді оятпасам?
Оятып, шіркін сосын, тояттасам!
Жанда — жаз, Тәнде — көктем, өзің — сері,
Ойда — ол, талтаң-талтаң, пай... аттасаң.

Атырау. 22.03.2002 ж.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сезімді шақта өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Сезімді шақта өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сезімді шақта өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сезімді шақта өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері