Үй салайық бірігіп – Қуат Адис

Бұл бетте «Үй салайық бірігіп» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 942
Кел, балалар тұрайық,
Қызық ойын қылайық.
Жеңімізді түрініп,
Үй салайық бірігіп.

Иықтарды қосайық,
Қабырғасын жасайық.
Міне, есігі – алдында,
Терезесі бар мұнда.

Салынған соң бөрене,
Шатыр болар төбеде.
Тұрды үйдің сұлбасы,
Ал, мынаусы – мұржасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері