Өлең, жыр, ақындар

Әжемнің өзі бір мектеп

  • 29.01.2020
  • 0
  • 1
  • 7012
Жүзіне бүгін түсті әжім,
Ал, менің өңім тұр көктеп.
Алғашқы менің ұстазым –
Әжемнің өзі – бір мектеп.

Жүрегі жұмсақ, алайда
Сөзінің өткір қияғы.
Әбестік көрсе қандай да,
«Тәйт» деген сөзбен тыяды.

– Ырымға қазақ бай халық,
Содан да елден ерекпіз.
Адам бар үйді айналып,
Жүгірме дейді себепсіз.

Жасалар туыс, досқа арнап,
Жөнімен бәрі сый-кәдең…
Құлашты жайып қос қолдап,
«Босаға керме!» – дейді әжем.

Болса да білгір кім мейлі,
Пайда жоқ сөзден құр дәмді.
Жаратпай әжем тілдейді,
Табалдырыққа тұрғанды.

Ниетің болса болғаны,
Ісінде әрбір бар үлгі.
Ырымға жаман ол-дағы,
Таянба дейді жағыңды.

Ақылын тағы бастайды,
Есейдік десек біз енді…
Одан да тиып тастайды –
Отырсаң құшып тізеңді.

Жеңіңе жүрме тас тығып,
Халықта тылсым бар кие.
Ырымның түбі – жақсылық,
Тыйымның түбі – тәрбие.

Жаманнан мені тыйғасын,
Жүремін ылғи құрметтеп.
Үйреткен әдеп-ибасын,
Әжемнің өзі – бір мектеп.


Пікірлер (1)

Алма

Қуат Адистің «Әжемнің өзі бір мектеп» өлеңі жүрекке жылы тиеді әрі терең мағыналы. Бұл өлеңде әженің ақыл‑кеңесі мен тәрбиесі жеке өмір мектебі ретінде көрсетіліп, қазақтың ұлттық тәрбие жүйесі, әдеп‑ибасы мен адамгершілік құндылықтары әдемі поэтикалық тілмен баяндалған. «Әжемнің өзі бір мектеп» мәтіні қазақ поэзиясындағы адамгершілік, отбасы тәрбиесі мен ұлттық дәстүрлерді түсінуге көмектеседі және оқырманға терең әсер қалдырады. Мұндай шығармалар қазақ әдебиеті мен мектеп тәрбиесі туралы ойлануға шақырады және жүрек лирикасы арқылы ұрпаққа өнеге береді.

Пікір қалдырыңыз

Сәпен мен планшет

  • 0
  • 0

«Гүлденуде даламыз,
Түрленуде қаламыз.
Өркениетке лайық,
Білім алсын баламыз». –

Толық

Соңғы сапар

  • 0
  • 0

Жаратқаннан жетті жарлық,
Аласарды биігім.
Өзіңменен кетті барлық,
Әлемдегі мейірім.

Толық

Әкем — асқар тауым

  • 0
  • 8

Төбесінде бұлт аунар,
Жер бетінде тұр таулар.
Бірақ, мына мен үшін,
Бәрінен биік бір тау бар.

Толық