Атасының ақылы – Қуат Адис

Бұл бетте «Атасының ақылы» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 29.01.2020
  • 0
  • 1
  • 3729
Басқалар да байқасын –
Өсті десем Өркенім…
Ауырлығын айтасың,
Арқаңдағы сөмкенің.

Жеу үшін де талқанды,
Еңбек етіп терлейсің.
Жауыр қылмай арқаңды,
Қиындықты жеңбейсің.

Салмағына сөмкеңнің,
Ауырсынба сен бүгін!
Көтересің ертең күн,
Бұдан да ауыр ел жүгін.

Жарға жықпас нар сенім,
Жетер оған күшің де.
Болашағың бар сенің,
Сол сөмкенің ішінде.

Білсең бәрін жаман ба?
Биіктікпен тау – Ұлы!
Болмайды онда адамға,
Керек заттың ауыры.


Пікірлер (1)

Замир

Бұл өлең — қазақ поэзиясындағы терең эмоция мен шынайы сезімді айшықтап жеткізген әдемі лирикалық шығарма. Оның әр жолы жүректен шыққан сезімдер, табиғат пен адам тағдырының байланысы арқылы оқырманның ішкі дүниесіне әсер етеді. Өлеңнің қазақ поэзиясындағы маңызы — сөздің мәні мен дыбысының үйлесімі арқылы бұл жанрдың көркемдік ерекшелігін көрсетеді.

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері