Еңбек – Қуат Адис

Бұл бетте «Еңбек» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1704
Таңмен тұрып таласып,
Шиқылдайды торғай да.
Жасыл қырдан әрі асып,
Ұшып кетті ол қайда?

Жеген астың бәрі адал,
Еңбек етсең жан қинап.
Бір тынбайды аралар,
Гүлге қонып бал жинап.

Қарсы қимыл қиынға,
Ол – еңбек қой, ұқса кім!
Жаңғақ жинап тиін де,
Жаз ойлап жүр қыс қамын.

Дән шығарды дөңбекке,
Құмырсқа да тырбанып,
Баулы өзіңді еңбекке,
Осылардан үлгі алып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері