Жансусар – Асылбек Жаңбырбай

Бұл бетте «Жансусар» атты Асылбек Жаңбырбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.06.2020
  • 0
  • 0
  • 1070
Сар тамыздың бүгін бесі...
Кеш батқанда күлімдеші, Жалқы Нұр,
Құбыланың түбінен!
Саған арнап ән салады нарт іңір –

Шұғыланың тілімен.
Шашып қалсын сәулеңді аспан,
Көшеді әлі дәурен бастан – жаздайғы,
Жетсе күздің ақпары.
Не біледі аққу менен қаз жайлы
Кексе құзғын – кәп-кәрі?..

Менің жалғыз қайғыласым –
Жүзі сынық Ай дұғасын оқиды,
Өткен күнге бағыштап.
Сыпсың қағып жел де қырдан көкиді,
Көктем мүлде алыс қап.

Алаң болып ғайып-көңіл,
Періштеңе лайықты өмір сүрер ем –
Құрақ ұшып, Жан Еркем!
...Жанарымда – түн баласы түнеген
Тұнады шық таңертең...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері