Бабакүлдік – Асылбек Жаңбырбай

Бұл бетте «Бабакүлдік» атты Асылбек Жаңбырбай жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.06.2020
  • 0
  • 0
  • 983
Не бар бүгін санамыздан сырт қалған,
Аз ба мынау алаң-алаң жұртта арман?..
Қандастардың сорғалайды көз жасы
Жат аспаннан жөңкіп жеткен бұлттардан.

Көкірек тұсы қарс айрыла сетінеп,
Талай қазақ бас сауғалап кетіп ед.
Еңкілдеген тамшылардың тілімен
Сөйлеп жатыр мұңлы жаңбыр – жетімек.

Жер астынан күңіреніп марқұмдар,
Құдай жақтан құйып тұрған зар тыңдар.
Жанға сіңген қасіретті халқым бар,
Қанға сіңген қасиетті салтым бар.

Болашағым – бұлдыраған қу сағым,
Туған жерім – мәңгі жалғыз сусарым!
Сақтап келем бұрқыратып жадымда
Бабакүлдік топырағы мен жусанын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері