Өлең, жыр, ақындар

Әй ағасы!

  • 11.10.2020
  • 0
  • 0
  • 1112
Әй ағасы,
Неге көңіл шекті мұң?!
Әзілдескен қандай жақсы кеш құрым.
Күнін кешпе өтінерім өмірде,
Қойды үркіткен, кебін киіп ешкінің.
Аталы сөз айт,
Бағың сонда ашылар.
Өрекпіген ренішің басылар.
Біле білсең ең бір пенде адамның,
Қатар жүрген,
Күліп жүрген қасы бар.
Ренішім менің де көп, жетеді.
Жырлап айтсам жасқа толар етегім.
Енді бұлай, орынсыз сөз жазсаңыз,
Көрген жерде амандаспай кетемін.
Әр адамның түзеймін деп жүрісін.
Тарылады кейде менің тынысым.
Тәп -тәуір ақ азаматсың ерекше,
Ел силаған азаматтың бірісің.
Асан қайғы, шөгер бүгін түйеңді.
Жүйелі сөз дұрыстайды жүйеңді
-Дәлел болса дәйектеп айт- ағажан,
Қарап тұрып жұртқа жақпай күйеңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ақ тілек

  • 0
  • 0

Сұрайтын жан емеспіз жәй керегін.
Алла бермей қойса егер қайтер едің?
Жас шыбықтай ұланың өсіп өніп,
Болсын ертең мәуелі бәйтерегің.

Толық

Жаным сені сүйемін, жырақтасың

  • 0
  • 0

Жаным сені сүйемін, жырақтасың.
Менен артық жан жоқ қой, сынаққа сын.
Жек көріп кеткендігің қош емес-ау,
Жүрекке жүк арттың – ау, бірақ та шын.

Толық

Түндерде ұйықтай алмай

  • 0
  • 0

Түндерде ұйықтай алмай,
Мең зең бір күй кешемін,
Ол, Тамұқтағы елес!
Көтере алмай елдің өсегін,

Толық

Қарап көріңіз