Ғашық болғым келеді – Айшабибі ибн Талғат ибн Зұлпыхар

Бұл бетте «Ғашық болғым келеді» атты Айшабибі ибн Талғат ибн Зұлпыхар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Ғашық болғым келеді...

Сезімнің сергелдеңі көп, білемін.
Сонда да сүйсем екен деп тіледім.
Бір ғажап пен бір азап бар болса да,
Өртіне өртенуді бақ көремін...

Сүйсем деймін көңілі ашық жанды,
Жүректе иман, қолында бар Құраны.
Ғашық болам бір емес, күнде-күнде,
Күйсем мейлі, жалынға тосам жанды...

Жалғыздық симайды екен бір басыңа,
Ғажап қой сені сақтар панасында.
Сүрінсем қол созушым, арқа сүйем
Қамалдан кем көрмейтін арқасына...

Ғашық болғым келеді, шыныменде,
Сергелдеңге түсейін мейлі күнде.
Жүрекке бекітіп ап сезімімді,
Бермеймін жан балаға, бір пендеге...


18:25
14.03.2019


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар