Ол осындай қыз

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

Ол өзгеге ұқсамайтын өлеңім,
Ол өзгені керек етпес теңеуім.
Менің ғана бақ боп қонар басыма,
Сыр сымбатты қарапайым гөзелім.

Ол қайғырса әлем бірге жылайды,
Ол күлгенде ғалам оны тыңдайды.
Мұң торласа ғазиз жүзін, аяулы,
Көк аспанда көздің жасын бұлайды.

Анық басып әрбір жүрген қадамын,
Тура жолды шариғаттан табатын.
Қаза қылмай әрбір парыз намазды,
Шын ниетпен құлшылығын қылатын.

Мойымайтын келсе сынақ басына,
"Жасу" деген жуымайтын қасына.
Жаныныңда тазалығы ақ қардай,
Дақ түспеген әлі таза арына.

... Өзге жандар өгей үнмен тілдесер,
Менің жаным сол арумен үндесер.
Шын жүрекпен құлай сүйгем мен оны,
Сүйгенімді түсінетін кез келер.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ол осындай қыз өлеңінің авторы кім?

Бибіт Нұрмұхан — осы өлеңнің авторы.

Ол осындай қыз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Ол осындай қыз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Бибіт Нұрмұхан өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ол осындай қыз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері