Төлеген Айбергенов

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 2994
Жырларында нажағайдың жарқылы,
Жүрегінде Отанының отты үні.
Сезімінде кең даламның ақ гүлі.
Рухында өр Алтайдың шыңдары,
Сағынышы сұлулықтың аққуы,
Адалдықпен көркемдіктен құралған,
Бар байлығы өлең- күміс алтыны,
Ерлікпенен махаббатты жырлаған,
Көңілінде Ақ Жайықтың толқыны.
Шырақ жаққан мұнаралар басынан,
Көріппе едің мұндай ғажап ақынды?!
Өзектесіп күрес толы өмірмен,
Терең оймен тіршіліктен гүл ілген.
Тумысынан ар намысын ту қылып,
Дарынымен сыйға алған Тәңірден
Тірі дүние тамырындай дірілдеп,
Қасиетін таныта алған кеңінен.
Айбергеннің Төлегені еді ол,
Тектілікпен биіктерден көрінген!
Тазалығы тозаң түспес айнадай,
Төзім күші қайнап шыққан қайнардай.
Оны көрсем елестейтін таулардың,
Шыңдарында тіке өскен қарағай.
Асау Барақ бабам өзі қол жайып,
Ақ батамен тілек айтып тұрғандай!
Кәусар бұлақ туған жердің төсінен,
Нәр алғандай боз жусанның исімен.
Жыр нөсерін құйып өтті дамылсыз,
Көз жұмғанша халқым қалмай есінен.
Таңдайларын тақырлардың жібітіп,
Жалғасқандай көшпенділер көшімен!
Отаныңнан барма артық ырыс –бақ,
Еркіндікпен жүрсең бақыт тыныстап.
Сол мақсатты арман қылған дауылпаз,
Кеткенімен арамыздан алыстап.
Бір тойым бар тарқамасы сөзсіз-деп,
Ала таңнан үн қатады дауыстап!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Төлеген Айбергенов өлеңінің авторы кім?

Лұқпан Сисекенұлы — осы өлеңнің авторы.

Төлеген Айбергенов өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Төлеген Айбергенов өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Лұқпан Сисекенұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Төлеген Айбергенов өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері