Өлең, жыр, ақындар

Ұмтылмас Мұқағали Мақатаев

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1850
Тірліктің ұлан байтақ әлемінде,
Ой тастап ақыл ойдың тереңіне.
Шындықты шырқай біліп өр дауыспен,
Тебірентіп бас идірген өнеріне.
Жырлаған туған елін, кең даласын,
Ғасырлар үні жатыр өлеңінде!
Тіріде кешкен талай азап отын,
Ту қылып адалдықпен қазақ атын.
Қаншама жыр қалдырды ұрпағына,
Ақиық Мұқағали қайсар ақын.
Әлі де даңқы оның арта бермек,
Барында кең пейілді асыл халқым.
Тәңірім сыйға тартып әу басында,
Өлеңнен дем салған соң қолқасына.
Өр рухы қанат жайып әлем шарлап,
Тойланар тоқсаны да, жүз жасы да.
Жазылар әлі талай естеліктер,
Тілдесіп келешекпен жалғасуға.
Ерітіп мұз құрсауды сөгілдіртіп,
Жаныңдыі ойға бөлеп егілдіртіп,
Маздатып сиқыр жалын тылсым күшпен,
Көзден жас моншақтатып төгілдіріп.
Тулатып сезімдерді жүректерде,
Сағыныш сазды әуенін төріңе іліп.
Оятар соқырды да қалғып кеткен,
Үмітпен имандылық дәнін беріп,
Сонда ғой түсінгенге ажар көрік,
Жүректі таза ұстасаң нағыз ерлік!
Ол жүрер әрдайымда бізбен бірге,
Жетелеп ігіліктің іздеріне,
Сыйлаумен отты өлеңін гүлден өріп.
Бұзылмас ескерткішке соғып көрік.
Әлемнің ақ сарайын қоныс қылып,
Бар елді жақсылықпен туыстырып.
Жыр оқыр қол жетпеген мінбелерден,
Тапқандай жоғалтқанын күліп тұрып.
Өкпе айтпас қабақ шытып ешкімге де,
Жанынан шуақ төгіп жылындырып,
Бабамның кең пейілін ұғындырып.
Қалды-деп,інілерге Оразақын,
Киелі қара өлеңін үлгі қылып!
Өткенмен көшкен жұрттай мынау фәни,
Ұмтылмас таудай алып Мұқағали!
Ұлғылап кие толы аманатын,
Бауырым оқып жүр сен, терең тани!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Болатхан Тайжан

  • 0
  • 0

Дақ түсірмей киелі ата - салтына,
Дем біткенше қызмет қылып халқыңа,
Ерліктердің жасап бердің ғажабын,
Қайталанбас болмысы кең нар тұлға!

Толық

Қазыбек би

  • 0
  • 0

Өн бойыңда қырағылық,
Бұлақ ашып таңнан тұрып.
Елді ағартып талмай үміт,
Ата дәстүр таңдай ғұрып

Толық

Есентемір ата үні

  • 0
  • 0

Тамыр тартып тарихыңнан тереңнен,
Қуат беріп махаббатқа бөлеген.
Ата мекен әркімге де тым ыстық,
Алға тартқан өмір атты кемемен.

Толық

Қарап көріңіз