Өлең, жыр, ақындар

Жұмекен Нәжімеденов

  • 09.06.2019
  • 0
  • 0
  • 1376
Көз алартып айнымай иіс сасықтан,
Туған елді бөлшектеуге асыққан.
Қарсы тұрып Хрущевтей есерге,
Қайран ақын жаратылыған намыстан.
Келмесін-деп, қайғы пәле төріме,
Оттай маздап ыза кегін тасытқан.
Терең оймен уақытпенен бір түлеп,
Нажағайдай көкте ойнаған күркіреп.
Менің елім, менің жерім әнімен,
Дауыс салып қаһарман ер- жаужүрек,
Қуат берді тірек болған халқыма,
Тәңірімнен әділеттік нұр тілеп!
Адамзатқа үндеу болып шырқалған,
Ұлы дала мінбесінен самғады ән.
Қанатқа іліп күнге ұмтылса аққулар,
Қыран біткен тау жаңғыртып қосылған.
Ән еді бұл мәңгі өмір сүретін,
Дауылдарда жарып шыққан ғасырдан.!
Көктемдердің гүлдеріндей жайқалып,
Құлап қалған рухымызды қайтарып.
Тегіс шарлап ұлан байтақ жер үстін,
Ақиқатты адамзатқа айта алып,
Бұлбұлдардың үндеріндей күй сандық,
Көңілдерді әсем сазға толтырған,
Осы жырда ғажап сыр бар қаншалық?!
Бүкіл әлем тыңдайды оны ертемен,
Еркін ойлы ұл-қызына таңданып..
Қайталайды қосылып бір ішінен,
Келісімде болса екен-деп, бар халық!
Мақтау жетпес жан едің.
(Қабиболла Сыдиықұлы рухына)
Тәнің аға өлгенменен,
Алатаудың үстінде.
Рухың өршіл өлмес өлең,
Керуен өмір көшінде.
Тіл қатады ұрпақтарға,
Сыйға ұсынып ой нәрін.
Шежіре боп қосып жырға,
Ғасырлардың қойнауын.
Құмда қалған бабалардың,
Қазынысын аршумен.
Жанкештікпен тасқа жаздың,
Бабам жәйлі жақсы өлең!
Жетті бізге сіз арқылы,
Ақпа жырлар не түрлі.
Елжіреткен нар халқыңды,
Бұлбұл үні секілді.
Мақтау жетпес жан едің сен,
Өткен кішік қалпыңда.
Дем біткенше қызмет еткен,
Киелі асыл халқына.
Ізгіліктің жыршысы едің,
Серік қылған төзімді.
Әлдилеген қалың елің,
Ұмытпас-ау өзіңді.
Туған жерге маңдай тіреп,
Қаз баяғы қалпыңда.
Тұрғандайсың күлімсіреп,
Қариялардың алдында.!
Қайран Хабем жүзі жарқын,
Інілерге дем берген.
Өн бойыңнан ата-салтым,
Үлгі болып гүл өрген.
Ой салады күнде маған,
Өзің болып сырласып.
Жетпісіңде елге келіп,
Қақ төрінде жайғасып.
Қос аққу-ең жеңешеммен,
Жұбын жазбай самғаған.
Жалғыз келді өксідім мен,
Жоғалтқан соң сыңарын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Халел Досмұхамедұлы

  • 0
  • 0

Туған елдің босағасын от шалып,
Арыстармен даналарым тапталып.
Түрмелерде күйзелгенде аштықтын
Намыс ардан үндеу салып көпке анық,

Толық

Сұлтан Уәис ата үні

  • 0
  • 0

Ақыл деген ырыс толы дария,
Сусындаған сезе білген жан ұя.
Қадірлесең Тәңір берген сыйлықты,
Тәрбие нұр құт толтырар қойныңа.

Толық

Бақашы әулие баба үні

  • 0
  • 0

Құлдықты бас көтермей кім қостаған,
Ханымыз Әбілхайыр қол бастаған.
Ерлермен еркіндікке дабыл ұрып,
Бұл жерде Қалмақтармен өтті майдан.

Толық

Қарап көріңіз