Дәрігер – Қуат Адис

Бұл бетте «Дәрігер» атты Қуат Адис жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 16.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1245
«Талап – тұлпар» демей ме?!
Алсын атын танып ел.
Есейгенде Медине,
Болам дейді дәрігер.

Жарасып-ақ тұр аппақ,
Үстіндегі жидесі.
Қорқынышты бірақ та,
Қолындағы инесі.

Сауықтырар ол «емдеп»,
Апасы мен әкесін.
Ащы дәрі берем деп,
Жылатады бөпесін.

Мақтанады ол тағы,
Көңілін ел бөлгенге.
Бірақ, өзі қорқады,
Дәрігерді көргенде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері