Жылқышы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Жылқышы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3924
Алағай да бұлағай
Ақ боранда, суықта
Атқа қонса бұл ағай,
Арымайды жуықта.
Қас батырдай пішіні
Құйып қойған еріне.
Киген қасқыр ішігі —
Қатты ескерту бөріге!
Солқ-солқ етіп тынымсыз
Соғады аты бүйірін.
Сетінетпей, шығынсыз
Сақтайды сау үйірін.
Жөн таппаса, оңай ма!
Жылқысымен ықтайды.
Жұт дегеннің
Алайда
Жұртынан бір шықпайды.
Уф!— деп ақыр соңында,
Кешсе бұлттар жабағы,
Күнмен бірге оның да
Ашылады қабағы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері