Әбділда және өзім
1
Жасадық бізде
Бала боп та, жас боп та!
Соз бе екен онда
Ақ боран,
Жаңбыр,
Көк соқта.
Жиһанды жалғыз
Емдегендей біз өзін,
Жығылмас сынды
Жытам деп атқан бір отқа.
Бүлдіршін күндер,
Жалынды жылдар ғажабы-ай!
Жалынды жырлар
Едің-ау бейне нажағай,
Алаулап түнде
Қайтпаушы ек біздер
Қиялмен
Аспаңды,
Айды,
Жұлдызды түгел барламай.
Әніміз біздің,
Сәніміз біздің
Болушы ед сонда «Сәулем-ай!»
Адуын бассақ,
Ән-жырды шашсақ андамай,
Шираушы ек ертең
Су тиген кендір арқандай—
Қазынасы мол жас шақтың қайран дарқаны-ай!
Жүрсек те біздер жалындамай, лауламай,
Өстік біздер жалған айтпай, алдамай.
Тазалықты —
Адалдықты пір тұттық,
Дарқан ұста дәл сілтеген балғадай.
Ой-хой, біздің
Жалын атқан жастық, шақ!
Қалдың алыс
Арайын құшқан күнге ұқсап.
Қайдасың біздің
Қайран, жалын жиырма бес,
Сен бізге енді
Ұстатпайтын құлыншақ.
Ол несі!—деп
Әбділда, сенде,
Шал Дихан мен де айта алман.
Қаржымын оның
Қайтардың,
Мен де қайтарғам.
Ризамыз жиырма бесімізге
Қартаймайтын туыппыз ба сайтаннан.
Жас шағын бүгін
Еске алса біздің кәрілік,
Қайтадан тағы
Бір жасады дей бер Әбілев.
Әбділда, сен ше?! —
Отырған шында
Өр дауысты ақынсын бүгін ақиық.
2
Сезімшіл жырға
Серпінді жылда-ақ сен келдің.
Қызғалдақ қырда
Қызығып жырға кенелдім.
Кешіксем аз жыл
Ауылда алыс жатқаным,
Ақыры менде
Жарысқа түсе жөнелдім.
Солардан бергі
Сомдалған жырлар шүйірі
Жанымды менің.
Толқын боп талай үйірді.
Өтті ғой бастан
Қилы-қилы ай, күндер,
Емес ед жылдар —
Май шуақ биылғы.
Тартыспен өстің
Тарпытпай жырың жүрегін
Жыр күндес — өстің
Сезсең де қабақ түйерін, —
бойлауық өстің,
ойлауық өстің сол күннен,
Жеңілдің, Жеңдің—
Бәрінде қайта түледің.
Әсіре қызыл
Мадаққа көп бармадың.
Сыршыл сезім
Жырдағы серт-арманың
Жылдарға алыс
Болсын деп таныс сілтендің, —
Өзіңше өріп,
Өрмекке өрнек жалғадың.
Пендеміз бізде
Ой шорқақ кейде бұлыңғыр.
Өтті ме босқа
Біз жасаған бұл ғұмыр.
Өкпелескенде,
Тепкілескен де шақтарымыз бар шығар,
Шекіссек те
Кетіспеппіз бірде-бір!
Не жетер саған
Өлең-жыр атты жанұя!
Бас ием саған,
Қара шаңырақ — құтты ұя!
Сенде туып,
Сенде ержеткен жыр жүрек
Сыр бүккені болып па сенен құпия.
Әбділда, сен де,
Тайырда,
Менде
Солай екі
Болмадық «пенде»
Тұрса да«шенге»орай кеп.
Өлеңді-жырды
Құдірет көрдік, пір тұттық,
Етектен,
Жеңнен соқса да боран құлай кеп.
Қырдағы өмір, —
Сырдағы өмір — бір аңыз;
Жас шағын бүгін
Еске алса біздің кәрілік,
Қайтадан тағы
Бір жасады дей бер Әбілев.
Әбділда, сен ше?! —
Отырған шында
Өр дауысты ақынсың бүгін ақиық.
Деп өтіпті біздердің ғазиз бабамыз.
Біздерге соны
Дәстүр етіп қалдырған
Данышпан ғой
Сонау... ата-анамыз.
Әбділда, сен,
Ал мына мен екіміз
Аталсақ та «үш жүздегі» «екі жүз»
Емшектестей бір анадан жаралған,
Бір құбыла болды алған бетіміз.
Ақын еді
Сенің Айманкүл анаң да,
Ақындығы
Жоқ болса да ағам да
Ақыл еді,
Сыйлап өтті бір-бірін
Көкірегін желпігендей самалға.
Көп-көп жылдар
Түтініміз бірге ұшқан
Ақынбыз ғой
Арманымыз ұйысқан.
Жан үзіскен дос құрбы,
Өскен дәндей
Ып-ыстық бір уыстан.
Кеттім бе әлде
Тым қазылып-шешіліп,
Олай болса
Етіңіздер кешірім,
Жыр тұлпары
Тарпына шапқан сәт солай,
Тоқтау болмас...
Жүйткіп алмай көсіліп.
Келдік делік
Біз де талай жерге енді.
Кәрілік тұр
Басып біздің безбенді.
Жорамалға
Жорғаламас жыр қалам, —
Жасымды сыйлап
Екен деп маған сөз берді.
Әбділда, сен
Бұған да бойлай түсіндің.
Өр болсаңда
Өлең-жырға кішірдің.
Кесте бізін
Келістіріп ойнатып,
Әбділдалық
Әдемі із түсірдің.
3
Жастық шағын
Еске алса бүл кәрілік,
Жалған айтып көрген емес Әбілев.
Әбділда, сен
Жыр шыңында отырсың,
Тәрізді бір
Топшысы мұз, қанаты кар ақиық!
Жылдарына
Жыл қосқанда
Жыл атасы қаңтар,
Кәрі қыран
Шаңқ етіп бір, қабақ мұзын қағынар.
Өмірмен ол
Қоштасқан күн
Қалың орман
Қатпар шындар күрсініп
Айлар сайын
Жылдар сайын оның дауысын сағынар.
Сағынышта
Бақыт дейді.
Сағынтарың болса—ол
Бақыт жолын бөгей ме?!.
Сағындырмас
Саңлақ күнде
Сайралмаған жыр кетпесін көмейде!
Жаңды үйіріп
Қанды кұйып
Ыстық жырлар, ыстық сырлар төгейік,
Бақыт болып,
Шаттық болып,
Баққа толып,
Жамырасып жатсын көктеп көбейіп!
Ал, Әбділда,
Жыр тұлпардың
Әлі де біз тежемелік тізгінін!
Дәнді дала,
Жомарттығы
Жаздан гөрі күзді күн.
Қақ тізгінді,
Бас қамшыны тұлпарыңа ақ қаптал!
Кеттік бірге,
Кейінгіге:
Дұғай сәлем!
Біздің үн!
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі