Үй қалаушы – Қадыр Мырза Әли

Бұл бетте «Үй қалаушы» атты Қадыр Мырза Әли жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3175
Қалаушының, байқасаң,
Тым биікте тұғыры.
Соған түсер әр қашан
Ең алдымен күн нұры.
Өзгелердің бас қамын
Өз қамына ол балайды.
Үймен бірге
Басқасың
Қуанышын қалайды.
Жұмыс қызған шақтарда
Желмен шашын тарайды.
Іске қыры жоқтарға
Төбесінен қарайды.
Түскі асын күндегі
Түу биікте ішеді.
Күннен күнге
Еңбегі
Жоғарлата түседі.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері