Өлең, жыр, ақындар

Көкетай ханның ертегісі

  • 03.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3660
Ш.Уәлихановтің жазып алған нұсқасы бойынша
Ә.Марғұланның аудармасы.

Алтын ердің қасы екен,
Ата жұрттың басы екен,
Күміс ердің қасы екен,
Түн түскен қалың көп ногай
Жұртының басы екен
Көкетайдай хандарың,
Алдыңнан өтпек болыпты.
Сары ногай баласы –
Жайма кекіл жас Айдар,
Мәнекерді міне көр,
Қалың бір қара көп ногай
Жағалап оны көре көр.
Үйсіндерде Әметке айт,
Әметқұлы Жайсанға айт.
Қарны салқы биіне айт.
Үлкен құрсақ байына айт.
Сары сақал, тік мұрт,
Айыр сақал, кіші мұрт
Бәріне бірдей айта көр.
Батпан аяқ бал ішкен
Батпансыған мырзаға айт,
Аяқ - аяқ бал ішіп,
Алшаңдаған мырзаға айт.
Түн түскен қалың ноғайға айт:
«Көкетай жаман болды», - деп.
Байдың ұлы Баймырза,
«Көкетай жаман болды», - деп,
Бар ноғайға, қарыға айт.
Мен байтал бие байлаттым, шорам,
Мен бал қымызды шайқаттым, шорам,
Құнан бие байлаттым, шорам
Қорлы қымыз түнеттім
Қабырғасы жазық қартаңнан
Сойысын тартып қойғанмын.
Сары жілік байталдан
Ту биемді сойғанмын.
Тұрап нарын қойғанмын.
Бәрін бір жиып келе көр.
Уа,менкерезі асын беремін, шорам,
Керез сөзім айтамын, шорам,
Қалың бір қара көп ноғай
Басынан елге кіре көр, шорам,
Бір күндері болғанда,
Керез асын ішуге,
Керез сөзін естуге)
Көкетайдың боз ордасына
Түн түскен қалың көп ноғай
Күңірене келіп тусті дейді.
Көкетайдың бақыл сөзі:
– Уа, күн түскен қалың көп ноғай, жұртым!
Көкірегімді дерт алды,
Көңілім жаман босады,
Мен алдыңнан өтпек болғанмын, жұртым.
Жүз тоқсан тоғыз жасадым.
Жақ сүйегім босады, жұртым.
Сонда, етті төбедей үйгізіп,
Тұздығын көл-көсір ағызып
Керез асын береді,
Керез сөзін айтады:
– Менің көзім өткен соң, жұртым,
Қылышпенен қырдырып,
Қымызбенен жудырып,
Шарайнамен шаптатып,
Бұлғарымен қаптатып,
Ақ қазаным жастатып,
Қыбылаға қаратып,
Қызым мақпал бүктетіп,
Қызыл нарға жүктетіп,
Қара мақпал бүктетіп,
Қара нарға жүктетіп,
Алпыс ноғай, қырық керуен
Алып келіп, түсе көр.
Топтап келген қатынға
Топтап мақпал бере көр.
Керуен басы - қара сарт,
Сексен серкеш майына
Қыш құйдырып ала көр.
Астыңғы жолдың үстіне,
Үстіңгі жолдың астына
Айға баққан ақ сарай,
Ақ сарайлап қоя көр.
Күнге баққан көк сарай,
Көк сарайлап қоя көр.
Кобы салып, қопсытып
Жол бойына ұқшатып,
Кешенімнің басына
Тай түйені сайдырып,
Тоқымын қайыра байлатып,
Құнан да бәйге қыла көр.
Уа, жұртым, қарашы болып тұра көр.
Мұнан бөлек кебім жоқ, жұртым,
Мұнан бөлек сөзім жоқ, жұртым,
Уа, аман-есен бола көр, жұртым,
Есен-сау бола көр, жұртым,
Уа, байдың ұлы Баймырза батыр,
Бері қарап құлақ сал, батыр.
Телі түкті құс салдым батыр.
Тентек жиып ел қылдым, батыр
Құладың салып құс қылдым, батыр
Құрама жиып ел қылдым, батыр.
Менің бір көзім өткен соң,
Телі құс көзін қаратпай,
Тентектердің барлығын
Ел - еліне таратпай,
Құладың көзін қаратпай,
Құраманың бәрісін
Ел - еліне таратпай,
Жақсы бағып ала көр, батыр.
Менің ғой көзім өткен соң, батыр,
Жаяу бір жүрген шығайға
Шобыр бір қармап бере көр, батыр.
Жалаңаш жүрген ишғайға
Шапан бір шешіп бере көр, батыр.
Қымызды судай ағызып,
Жазы - қысың болғанда, батыр,
Толып жатқан мына құраманы
Тел қозыдай жағызып
Айраныңды судай ағызып,
Толып жатқан тентекті
Жақсы күтіп ала көр, батыр.
Уа,менің бір көзім өткен соң,
Тауып алған Боқмұрын, батыр,
Ала күшік демеңдер, батыр,
Арам сідік демеңдер, батыр.
Жетім бір атын мінгізбей,
Жетім бір асын ішкізбей, батыр,
Жетім бір тонын кигізбей, батыр,
Әрі болса, үш жылда,
Бері болса, екі жылда,
Бір-екі жыл өткен соң,
Ербиіп адам боларда,
Ер - жай тартып ер болар,
Ер ұлымен тең болар, батыр,
Уа, сонда қалы бір кілем сала көр, батыр.
Менің ғой көзім өткен соң,
Орныма менің сол ұлды
Хан көтеріп ала көр, батыр.
Байдың ұлы Баймырза батыр,
Бері қарап құлақ сал, батыр.
Уа,менің қырық асымды берерде, батыр,
Қытайлардың қыр мұрынды Қоңырбай,
Қоңырбай аты өңгермей,
Соған бір жетіп бара көр,
Уа, жұртым, менің қырқымнан
Құтылып сонда қала көр.
Уа, байдың улы Баймырза,
Менің ұлы асымды берерде, батыр,
Уа, мынау Анжиянда тойынған
Шикі бір нанға семірген,
Анжиянның тоң алмасын кемірген,
Он екісінде оқ атқан,
Он үшіне жеткенде
Орда бұзып, үй шапқан,
Уа, мына Жақып ұлы жас Манас,
Жаңа ауызданған ер Манас
Үңгір жерде үй шапқан,
Жылға бір жерде жылқы алған
Қабағы биік өңі саз
Еңсегей бойлы ер Манас,
Қаны бір қара, беті көк,
Бауыры шұбар, сырты көк,
Жоталы жон, сұрғылт бет
Батыр Манас сұрасаң,
Көк жал бір сырттан бөрі еді.
Сол ер Манасқа бара көр.
Қарызымнан бір құтылып қала көр,
Уа, сонда мұсылман мен кәпірді
Бәрін бірдей жия көр.
Сонда ұлы бір той қыла көр.
Солай етіп, қарызымнан
Бір құтылып қала көр.
Көкетайдай ханыңыз
Екі бір көзі сүзілді,
Мәңгіні көздеп үзілді.
Ау, түн түскен қалың көп ноғай
Күңіреніп жылап өкірді,
Өріктің басын жапырды.
Ақырғаннан бақырды,
Алманың басын жапырды.
Жоқтауын айтып зарлады,
Сыйын тартып барлады,
Қылышпенен қырдырды
Қымызбенен жудырды
Шарайнамен шаптатты,
Бұлғарымен қаптатты.
Ақ қазанын жастатты,
Қызыл мақпал бүктетті.
Қара нарға жүктетті.
Елді тоят қылыпты.
Топтап келген қатынға
Жыртысты қаба беріпті.
Айтқанындай қылыпты.
Алпыс ноғай, қырық керуен
Алып келіп түсіпті.
Керуен басы қара сарт
Сексен серкеш майына
Қыш құйдырып алыпты.
Астыңғы жолдың үстіне,
Үстіңгі жолдың астына
Айға баққан ақ сарай,
Ақ сарайлап қойыпты.
Күнге баққан көк сарай,
Көк сарайлап қойыпты.
Ылдап құйған ыл бейіт
Сырлап құйған сыр бейіт
Қобылатып, қопсатып,
Жол бойына ұқсатып,
Айға баққан ақ сарай,
Ақ сарайлап қойды дейді.
Күнге баққан көк сарай,
Көк сарайлап қойды дейді
Әрі болса, алтымын,
Бері болса, бес мыңдай,
Ала шабырт жазбенен
Шапқан екен құнанды,
Құнан келіп тұрған-ды.
Қоңыр салқын күзбенен
Жемдеген екен жеті қоржын дәнменен.
Тауда туып, таста өскен,
Текеменен бірге өскен,
Құмда туып, шөлде өскен,
Құланменен бірге өскен,
Темір тұяқ, жез білек,
Тер шықпайтын ырғай мойын көк ала
Шығып бір келді дақ менен.
Қамбар бір Қамбар, Қамбар хан,
Қамбар бір ханнан Айдар хан,
Айдарханның баласы –
Елестен туған ер Көкше
Көкаладай беренді
Қарсы алады даңменен.
Алты бір тоғыз малменен,
Боталы түйе нарменен,
Балалы ноғай күңменен,
Манаттан жапқан үйменен,
Текешінің Теміртұяқ, жез білек
Көк аладай беренді
Жетелеп алып кетеді.
* * *
Шыбыратшыны жайлайды,
Жыбырлатып бие байлайды
Ибраншыны жайлайды,
Мәнекердей күлікті
Кермеге үзбей байлады.
Байдың ұлы Баймырза
Қымызын судай ағызды.
Толып жатқан құраманы
Тел қозыдай жағызды
Қытайлардың қыр мұрынды Қоңырбай,
Көтеріле қалың көп ноғай
Ырғала көшіп барады,
Ала бас жорға, шұбар ат
Айдап бір тарту қылады,
Сонда қырқы асының қарызынан
Бір құтылып қалады.
Жер ортасы Бозтөбе,
Көтеріле қалың көп ноғай,
Тола бір жиын қылды дейді.
Қарны салқы билерді,
Үлкен құрсақ байларды
Шақырып кеңес қылды дейді.
Байдың улы Баймырза
Кеңесе алмай тұрды дейді.
Бір күндері болғанда,
Алты жасар Боқмұрын
Атжалын тартып мініпті,
Жеті жасар Боқмұрын
Хат та танып біліпті.
Қасы алтын ақ қаңқа ер
Мәнекерге салыпты.
Балпық туған Боқмұрын
Мәнекерге мінді дейді,
Қалың бір қара коп ногай
Ішіне кіріп барды дейді.
– Уа, байдың ұлы Баймырза, же!
Немене кеңес бар еді, же?
Күнде бір жиын қыласың,
[ Қайда көшпек боласың ?]
– Сенің бармағыңның басы алтын, же,
Еріңнің қасы алтын, же,
Құйысқаның құйма алтын,
Жүгендерің шын алтын, же.
– Ерні балпақ боз айғыр,
Боз айғырым мінгізбен, же.
Әкемнің асын білгізбен, же.
Көк айғырым мінгізбен.
Көкетай асын білгізбен, же.
Мен Анжиянда семірген, же,
Анжиянның тоң алмасын кемірген,
Шикі нанға семірген,
Самарқанда сарт Манас,
Сары құлақ ит Манас,
Көшсең, өзің көшіп бар,
Мен елімді көшірмен.
Мен жұртымды көшірмен
Ертеңменен ара көшемін.
Салдыратпай уық шештіріп,
Саңқылдатпай бүркіт алдырып,
Маңыратпай қозы салдырып,
Бақыртпай түйе қомдатып,
Жылатпай бала бөлетіп,
Көп ноғай жұртын көшіріп,
Жаққан отын өшіріп,
Жаяу жүрген шығайға
Шобыр қармап беремін.
Жалаңаш жүрген шығайға
Шапан шешіп беремін.
Қозыбасы, Қопада
Қойдың жүнін аламын.
Үлкен Ақтас барамын,
Үй жаптырып аламын.
Үдере одан көшемін.
Тиек - тастан өтемін.
Жалаңаштың бойына
Жылқы салып кетемін.
Өзен суын бағалап,
Кең Ілені жағалап,
Кең Іленің бойында
Егінші бөліп кетемін.
Үдере онан көшемін.
Кең Қалқаннан өтемін,
Кемеменен кешемін.
Ақ теріскен асамын.
Аттың ерін алдырмай,
Ат шалдырып аламын.
Түрген,Ақсу асамын,
Түйенің қомын алдырмай,
Түйе шалдырып аламын,
Қайнатпа тұзға барамын.
Алпыс атан қомдатып,
Тұз арттырып аламын.
Ботаның сазын бойлаған,
Күнде құмар ойнаған,
Қазандай қара бөркі бар,
Қан шыққанның бәрін де
Сорамын деген еркі бар,
Кәпірдің ханы - ер Жолай,
Ер Жолайға барамын.
Жанаса келіп қонамын,
Жан туғандай боламын.
Бірге отырып қонамын.
Бір туғандай боламын.
Кәпірдің ханы – Жолайға
Алабас жорға, шұбар aт
Айдап тарту қыламын.
Алтынды күрме киемін
Айтулы төре боламын
Көзотаға тағынып,
Көріне төре боламын.
Алтай толған көп қалмақ
Араласа қонамын,
Қаңғай толған көп қалмақ
Біргелесе қонамын,
Жақсыға пара беремін.
Күлік атым қоймаймын
Жаманға пара беремін,
Көйлек - тоным қоймаймын.
Үдере онан көшемін,
Өзен суды жағалап,
Ақбоз атым тағалап,
Қыл Ертісті жағалап,
Күн деп – түн деп көшемін.
Қыл Ертістің басында
Бестерекпен асамын.
Жорғаның суын кешемін.
Ханның тауын асамын
Молда торғай басамын
Қыл Ертістің үстіне,
Бурылтаудың астына
Барып онда қонамын.
Алты күні болғанша
Aт сергітіп аламын.
Жеті күні болғанша
Ел сергітіп аламын.
Уа, сонан соң тоқсан атан қомдатып,
Күріш арттырып аламын,
Тоқсан жорға тағалап
Түпкі ханға кіремін.
Сонда Көкетайдың асын беремін.
Дөдегелі биік боз үйді
Төскейге жағалай тігемін.
Соны тек асқа тігемін.
Көкетайдың көп малын
Кемекенің басында
Топтап келіп қырамын.
Санатын алып тұрамын.
Аузы басы бияздай,
Қожаға айтқан нияздай,
Сақалы жоқ, мұрты жоқ
Алты мың жігіт жиямын.
Қолына Анжиян пышақ қарматып
Тураушыға қоямын.
«Бармағы жауыр болад», - деп,
Бармағын шарайнамен шаптатып,
Былғарымен қаптатып,
« Турамшы сусап кетед», - деп,
Қара шайды қайнатып,
«Қазан мұнан» қыламын.
Сөйтіп, Көкетайдың асын беремін.
* * *
Мұсылманмен кәпірді
Бәрін бірдей жиды дейді.
Қалы кілем салды дейді.
Көкетайдың орнына
Балпық туған Боқмұрын,
Көтеріле қалың көп ноғай,
Хан көтеріп алды дейді.
Жаяу жүрген шығайға
Шобыр қармап берді дейді.
Жалаңаш жүрген шығайға
Шапан шешіп берді дейді.
Қыл Ертістің басына
Үдере көшіп барды дейді
Балпық туған Боқмұрын
Түн басқан қара көп ноғай
Аралап келіп жүрді дейді. –
Алыпқа барар кісі кім?
Атқа барар кісі кім ?
Жайма кекіл жас Айдар
Өзі епті құл еді,
Өзі сыпты құл еді.
Сары ноғай баласы
Жайма кекіл жас Айдар
Есігіне келді дейді. –
Ау, үйде болсаң, үн берші, шорам.
Үн ышқынбай тез берші, шорам.
Жайма кекіл жас Айдар, шорам.
Көкетай асын беремін.
Көкетайдың көп малын
Топтап - топтап қырамын.
Санатын алмай тұрғанмын
«Сен сауын айтып кел, - деймін,
Алыпты шақырып кел», - деймін.
Жайма кекіл жас Айдар айтады:
– Балпық туған Боқмұрын төрем,
Сенің алыбыңа бармаймын.
Атыңа да бармаймын.
Алыптан өліп қалмаймын.
Кеше ауыл қондық аралас,
Қойды салдық қоралас,
Астық қойдық ұралас,
Түйе салдық жатындас,
Жылқы салдық өрістес.
Құнан мініп, құс салып,
Құтырып ойнап жүргенің,
Құлсынып тымақ қалғансын.
Айдың бұрышы алты сан,
Алты айналып келгенше,
Алпыстағы атекем
Азып-тозып қалмай ма?
Жердің бұрышы жеті сан,
Жетпістегі енекем
Жетімсіреп қалмай ма?
Уа, сенің бұ атыңа бармаймын,
Алыпты шақырып келмеймін, - деді.
Боқмұрын айтады:
– Жайма кекіл жас Айдар,
Атқа тағы бармасаң,
Алыпқа тағы бармасаң,
Өзім алыпқа барармын,
Алыпты шақырып келермін.
Өзім атқа барармын,
Ат шақырып келермін.
Әзім алыптан келгенше,
Асым менен бәйгемнің
Қамылғысын жиып тұрғайсың.
Әзім алыптан келген соң,
Әзіңді бас бәйгеге тартармын,
Атаң менен анаңды
Аяқ бәйгеге тартармын.
Үйде жүрген талтаңдап
Жайма кекіл жас Айдар
Есі шықты қалтаңдап.
Және жайма кекіл жас Айдар айтады:
– А, төрем, aт белгісін айтсаңшы,
Атыңды мініп барайын,
Еркелетіп кеп айтсам,
Ардаңдадың, Боқмұрын төрем,
Сүйгенімнен сөз айтсам,
Сүйреңдедің, Боқмұрын төрем.
Тон белгісін айтсаңшы,
Тоныңды киіп барайын.
Және Боқмұрын айтады:
– Aт белгісін мен айтсам,
Атымды мініп сен барсаң,
Алпыс атым арғымақ,
Сүйсең, сонан мініп бар.
Тоқсан атым тобыршақ,
Сүйсең, сонан мініп бар.
Жетпіс атым жел тимес,
Сүйсең, сонан мініп бар.
Топ-топ жатқан топ сарғыл,
Топ сарғыл аттар тіпті көп,
Сүйсең, сонан мініп бар, шорам.
Алтын басты ақ, сарғыл,
Сүйсең, соны мініп бар, шорам.
Атекем мінген Ардақ боз,
Енекем мінген Ерке боз,
Сүйсең, соны мініп бар.
Қарындасым Қарлығаш,
Оның мінген қайқы боз,
Сүйсең, соны мініп бар.
Жылқы ішінде боз айғыр,
Сүйсең, соны мініп бар.
Боз айғыр жайын сұрасаң,
Қабырғада қалқан бар,
Хан жайлауы десейші.
Құйрығында қудық бар
Құлан сулап түгелтпес,
Бас жағында машат бар,
Марал сулап түгелтпес.
Алтай мінсе арымас,
Арқасын кесіп алса жауырмас,
Әсте де көңілің ауырмас
Шапсаң, құс қанатты,
Мінсең, арымайтын берік,
Жылқы ішінде ерні салпы боз айғыр,
Сүйсең, соны мініп бар.
Және жайма кекіл жас Айдар айтады:
Ой, балпық туған Боқмұрын,
Сенің ала атыңды мінгенше, төрем.
Алыптан өліп қалғанша, төрем,
Сенің өзіңнен өлсем болмай ма, төрем.
Астыңдағы Мәнекер, төрем,
Мәнекерді берсең, мінейін.
Үстіңдегі ақ көбе,
Ақ көбені берсең, киейін,
Содан көп алыпқа барайын.
Мәнекерді мінді дейді,
Ақ көбе тонды киді дейді.
Және Боқмұрын айтады:
– Жайма кекіл жас Айдар шорам,
Астыңдағы Мәнекер
Өнерін еш көрмедім
Ешбір сырын алмадым,
Белес-белес жер келсе,
Орғып аттап өтетін,
Сауырынан түсіп қалмағын.
Ылди - ылди жер келсе,
Астыңдағы Мәнекер
Ақыс беріп кетуші ед,
Мойнынан түсіп қалмағын.
Еш өнерін алмадым,
Ешбір сырын білмедім, шорам.
Мәнекер жайын сұрасаң,
Кеше Балғары суы басқанда,
Кеше Талгар суы тасқанда,
Кең меженің суы
Қалыбынан асқанда,
Өңге аттардың бәрісі
Кемеге түсіп жатқанда,
Бұт көтермей тез кештім.
Мәнекер жайын сұрасаң,
Кеше Самарқанға Керей шапқанда,
Саң кісіден бір шыққан
Санатта жоқ Мәнекер.
Кеше Көрқұлы Керей шапқанда,
Көп кісіден бір шыққан.
Ересен туған Мәнекер
Кеше Түркістанға Керей шапқанда,
Тұман қолдан бір шыққан.
Астындағы Мәнекер
Еш өнерін көрмедім,
Онан бөлек ешбір сырын алмадым,
Тағы, шорам,
Атыңның басын бура тур, шорам,
Тағы арыз сөз айтам, тұра тұр.
Ат белгісін айтайын,
Алып белгісін айтайын.
Мал түгіндей кәпірдің
Ішінде біз отырмыз.
Жақын жерден кәуірді
Шақырып та алармыз.
Тағы: мұнан әрі сен барсаң,
Ұлы да жауды жайлаған
Алтын көзді Мадыян
Басынан үзбей байлаған
Ел ағасы - Ер Косай,
Тон жағасы - Ер Қосай,
Ат жағасы - Ер Қосай,
Бекіп қалған Бейшынттің
Бетін ашқан Ер Қосай,
Тұрып қалған Тұрпанның
Жолын ашқан Ер Қосай
Байланып қалған базардың
Бағын ашқан Ер Қосай.
Кеше Жангир ұлы Белерек
Кәпірдің ханы Месқара
Қармап Чамға салғанда,
Мұсылманнан кісі шықпай қалғанда,
Ел ағасы - Ер Қосай
Ерлігімен қорқытып,
Босатып оны шыққан-ды.
Сол Ер Қосайға барып айт:
Аты келсін асыма,
Өзі келсін қасыма,
Аты тағы келмесе,
Өзі тағы келмесе,
Тарынбасын өзіме,
Көрінбесін көзіме,
Көкетайдың айшығы алтын қызыл ту
Ордасында көрінсін.
Қызыл теңге пұл жүктетіп
Арта алмай келмесем,
Қызыл құйрық нар алып,
Тіркей алмай келмесем,
Қара теңге жүктетіп
Қайралмай келмесем,
Төгіліп тұрған гүл багын
Көміп тастап кетпесем,
Түп түбіне жетпесем,
Түбіршігін қазбасам,
Қой қайтарған танасын,
Бесіктегі баласын,
Қатынын олжа қылмасам,
Қалауға бермес күлігін
Өрістен ұстап алмасам,
Сұратып бермес сұлуын
Аш білектен алмасам,
Ат соңына салмасам,
Менің Боқмұрын атым құрысын,
Онан әрі сен барсаң,
Екі де тізгін тең барсаң,
Кіші де тауды жайлаған,
Қыйыду қаракүлгін
Басынан үзбей байлаған,
Тоғайдағы бұлбұлдайын сайраған,
Өшірген көмір жүн деген,
Қыйыду қара аты бар,
Жарлы жүріп байыған,
Жаңғыз жүріп көбейген,
Байталдыға бой бермес,
Жағы барды сөйлетпес.
Ақтартаздың баласы
Аты Мөңке төресі
Ер Үрбіге барып айт.
Қыйыду қара күлігін
Алып келсін жарысқа.
Аты келсін асыма,
Өзі келсін қасыма.
Өзі тағы келмесе,
Аты және келмесе,
Көкетайдың айшығы
Алтын қызыл ту Ордасында көрінсін.
Теңде тұрған мүлкін
Тарта алмай келмесем,
Төгіліп тұрған гүл бағын
Көміп тастап кетпесем,
Түп түбіне жетпесем,
Түбіршігін қазбасам.
Оны оңдай қорқытты,
Ыссықкөлдей толқытты
Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Қамбар да Қамбар, Қамбар хан
Қамбар ханнан Айдархан.
Айдарханның баласы –
Елестен туған Ер Көкше,
Ер Көкшеге барып айт:
Тауда туып, таста өскен,
Текеменен бірге өскен,
Құмда туып, шөлде өскен
Құланменен бірге өскен.
Темір тұяқ, жез білек,
Ырғай мойын Көкала
Алып келсін шабысқа.
Келсе, бәйге алсын да,
Келмесе, тамаша көрсін де.
Аты келсін асыма,
Өзі келсін қасыма.
Оны да ондай қорқытты,
Ыссықкөлдей толқытты.
Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Ағыс пенен Қожасқа айт,
Әлекемен Бәубекке айт,
Бекіш пенен Шекішке айт,
Алтын күлік, кер күлік
Екі бірдей ер күлік
Сайқалменен Болатқа айт.
Енді соған айта көр:
Шойынқұлак, шойын алып,
Шойын алыпқа айта көр
Дүмірқұлақ - Дүмір алып,
Дүмір алыпқа айта көр,
Орқу құла биесі бар,
Ораңқы қатын аяшы бар
Соның бәріне бірдей айта көр.
«Бәрі бірдей келсін», - де,
Бәрі бірдей келмесе,
Көкетайдың айшығы алтын қызыл ту
Ордасында көрінсін.
Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Үзеңгісін үзе шіренген,
Найзасын көкке тіреген
Іштен туған Едіге
Тайдан туған тарлан боз
Албан күлік мал еді,
Аты келсін асыма,
Өзі келсін қасыма.
Аты тағы келмесе,
Өзі тағы келмесе,
Тарынбасын өзіме,
Көрінбесін көзіме.
Оны ондай қорқытты,
Ыстықкөлдей толқытты.
– Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Жетісуды жерлеген
Жәдігерден туған Ер Бағыс
Ойратты бұзған ер екен.
Сұр құнандай күлігі
Албан күлік мал еді,
Алып келсін шабысқа.
«Келсе, бәйге алсын, - де
Келмесе тамаша көрсін», - де.
Аты келсін асыма,
Өзі келсін қасыма.
Аты келмесе асыма,
Өзі келмесе қасыма,
Тарынбасын өзіме,
Көрінбесін көзіме.
Оны ондай қорқытты,
Ыссықкөлдей толқытты.
– Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Тауқара мінген Ер Қараш,
Тауқара күлік аты бар,
Албан күлікмал еді,
«Шықса, бәйге алсын, - де
Шықпаса, тамаша көрсін», -
Аты келмесе асыма,
Өзі келмесе қасыма,
Тарынбасын өзіме,
Көрінбесін көзіме
Оны ондай қорқытты.
Ыссықкөлдей толқытты.
– Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Атасында бата жоқ,
Енесінде неке жоқ,
Бұтаға белімайысқан,
Әкеге бұғы шалысқан
Темір өзек, тасжүрек,
Тәңірісіген жаналы,
Жаналыға айта бар,
Үре торы күлігі
Албан күлікмал еді,
«Озса, бәйге алсын, - де,
Озбаса, тамаша көрсін», - де.
Аты келсін асыма,
Өзі келсін қасыма.
Аты келмесе асыма,
Өзі келмесе қасыма,
Тарынбасын өзіме,
Көрінбесін көзіме.
Оны ондай қорқытты,
Ыссықкөлдей толқытты.
— Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Toп әулие жиылып,
Тәубесімен бітірген,
Бар әулие жиылып,
Батасымен бітірген
Тоғыз ұлдың кенжесі
Тәңірі сүйген Ер Төстік,
Шалқұйрықтай тұлпары
Албан күлік aт еді,
«Алып келсін, шапсын, - де
Кәпір менен мұсылман
Ортасында қонғанмын,
Асымды билеп берсін, - де.
Мүшесін артық жесін», - де
Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Арғы бір таудың бер жағы,
Бергі бір таудың ар жағы,
Екі таудың ортасы,
Сасық қайың сауып ішкен
Осырақ шалдың баласы
Алтай-Мамет, Көкқоян,
Ақ қояндай күлік aт
Албан күлік қал еді.
«Шықса, бәйге алсын, - де
Шықпаса, таң тамаша көрсін», - де
Аты келсін асыма,
Өзі келсін қасыма.
Аты келмесе асыма,
Өзі келмесе қасыма,
Тарынбасын өзіме
Көрінбесін көзіме,
Оны ондай қорқытты,
Ыссықкөлдей толқытты.
Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Боюн, Боюн, Боюн хан,
Боюн ханнан Чаянхан,
Чаян ханнан Қарахан,
Қараханнан Жақып хан,
Жақып хан ұлы Манас хан
Он екісінде оқ атқан,
Он үшінде найза қармап, жау сайған,
Қолтырмаштан бала алған,
Қосағымен қыз алған,
Қоқилатып ер сайған.
Он төртіне келгенде,
Орда бұзып үй шапқан.
Он бесіне жеткенде,
Өршін жұртқа бас болған.
Сол Манасқа барып айт.
Алтын ері ерттеулі,
Қашқанда қоян шоқулы,
Op қошардай тұяқты
Қиған қамыс құлақты,
Қайыптан туған Аққұла
Албан күлікмал еді,
«Алып келсін, шапсын, - де,
Шықса, бәйге алсын, - де,
Шықпаса, таң-тамаша көрсін», - де.
Тізгініңді жимай айт,
Ырысыңды қоймай айт.
Жақсы жауап сен бергін, шорам,
Жатық тілді жас Айдар шорам,
Жақсы сөзіңді айта көр, шорам.
Кәпір менен мұсылман
Арасына қонғанмын, шорам.
Ата-атаның ұлына, шорам,
Ала басжорға, шұбар aт,
Бере тұрған мүше бар,
Тартатұғын табақ бар,
Шаба тұтқан аты бар,
«Асымды билеп берсін, - де
Өзіңді өлтіріп салмасын,
Астыңдағы Мәнекерді
Тағы сойып салмасын.
Жаяу сәлем бере көр,
Жаяу түсіп бара көр,
Басып сәлем бере көр,
Онан әрі бара көр.
«Асымды билеп берсін, - де
Мүшесін артық жесін», -
Онан әрі сен барсаң,
Екі тізгін тең барсаң,
Саймалы садақ байланған,
Самарқан тауын айналған,
Бұлғары садақ байланған,
Бұқардың тауын айналған,
Ақ сәлдесі қазандай,
Шақырған үні азандай,
Аса да таяқ қолында,
Өзі құдайдың жолында,
Ұлы да жолдың бойында
Күннің де батқан жерінде,
Алтын сақал Айқожа,
Сол Айқожаға барып айт,
«Айбан боздай күлік aт
Алып, бәйгеге шапсын, - де –
Ортаға және келсін, - де –
Оң батасын берсін», - де.
Мәнекерді қаратып.
Алақандай ақ қағаз
Хат сыздырып ала кел.
Шоқтығыта тақтырып,
Алыптың санын аламын,
Аттың санын аламын,
Шойынқұлақ - шойын алып,
Шойын алыпқа айта көр.
Дойынқұлақ - Дойым алып,
Дойым алыпқа айта көр.
Айдың бұрышы алты сан,
Алты айналып қайта көр.
Жердің бұрышы жеті сан,
Жеті айналып қайта көр.
Жердің бұрышы жеті сан,
Желпініп бір қайта көр.
Көк алыптар онан көп,
Жер алыптар онан көп,
Қайсы бірін айтайын.
Атыңның басын бұра тұр, шорам,
Бәйгемді айтам тұра - тұр, шорам.
Бәйгемнің басын айтайын, шорам,
Бәйгемнің басын мен айтсам:
Тоғызда торқа тон саям
Тоқсан қалча құл саям
Тайғандай жүнін түзеді
Сан сауыншы күң саям.
Сан сарыша түйе саям.
Сан сарыбас бие саям.
Ортасын қайдан айтайын?
Үйіме қашан қайтайын, шорам?
Аяғын айтып беремін, шорам:
Ала бозжорға aт тартам.
Алпыс атқа мінгізіп,
Алпыс қалча құл тартам.
Боталы түйе нар тартам.
Балалы ноғай күң тартам.
Манаттан жапқан үй тартам.
Cay саламат бар, шорам,
Сағындырмай тез қайт, шорам.
Етім сасып кетпесін, шорам.
Мәнекердей тұлпар ат,
Қатыра салмас қарасан,
Қатыра қамшы салды дейді,
Тайдай еті тарады,
Тайғандай жүнін түзеді.
Қойдай еті қатады.
Қояндай жүнін түзеді.
Арандай аузын ашады,
Қанды көбік екі етекке шашады.
Көр інген жер де көрінді,
Көрінбеген жерде Көк түтін болып созылды.
Омбыл-омбыл ойылтты,
Омбылдан алыс тойылтты.
Ұлы да тауды жайлаған
Ер Қосайға барыпты. –
Ер Қосай аға, армысың?
Есен-сау да бармысың ? –
Жолың болсын, жас Айдар!
Есен-аман болдың ба?
Сәу-саламат жүрдің бе?
Мәнекердей тұлпарды
Тақымынан терін құйылтып,
Мойнынан терін шұбыртып,
Қандай іспен жүріпсің ?
– Ел ағасы - Ер Қосай!
Есен-аман болғанмын.
Сені білгелі келгенмін
Сау-саламат жүргенмін.
Сағынып сені келгенмін
Ел ағасы - Ер Қосай,
Көк дөненнің басы бар
Көкетай ханның асы бар,
Қара бие қасы бар,
Хан атаның асы бар.
Ата - атаның ұлына
Ала бас жорға, шұбар ат,
Беретұғын мүше бар.
Тартатұғын еті бар,
Шабатұғын аты бар,
Саятұғын бәйге бар,
«Қоңбөке бел қабамын! »
Боқмұрын терем соны айтты.
Ел ағасы - Ер Қосай
Жүрген еді талтаңдап,
Боқмұрын сөзін есітіп,
Есі шықты қалтаңдап,
– Жаймакекіл жас Айдар шорам,
Шақырса да, бармаспын.
Шақырмаса да, бармаспын.
Қорқытса да, бармаспын.
Қорқытпаса да, бармаспын.
Ел қариясы - Көкетай,
Жұрт кәрісі - Көкетай,
Жүз тоқсан жыл жасаған,
Сонан кейінгі қарт мен едім,
Бу сөзді маған не деп айтасың?
Жайма кекіл жас Айдар шорам,
Бу сөзіңді маған айт.
Өкімі қатты алып көп,
Біреуінің ашуынан жазатайым боларсың.
– Ел ағасы - Ер Қосай же!
Саған бәйгемнің басын айтайын:
Тоғызда торқа тон саям,
Тоқсан қалча құл саям,
Сан сауыншы күң саям
Сан сарыша түйе саям.
Сан сары бас бие саям.
Ортасын қайдан айтайын?
Аяғын айтып берейін:
Ала бас жорға ат саям.
Алпыс атқа мінгізіп,
Алпыс қалча құл саям.
Балалы ноғай күң саям.
Манаттан жапқан үй саям.
Саят салып жөнелді,
Заңғытып жортып келеді,
Омбыл-омбыл ойылтып,
Екінші батыр үстіне
Келiп сәлем береді. –
Уа, Көкетай ханның асы бар,
Көк дөненнің басы бар.
«Атын әкеліп шапсын, - деді.
Азасына келсің - деді.
Қырық нарға қазына жүктетіп
(Қасыма менің) келсін, - деді. –
Қырық байтал бойдақты
Айдап (тағы) келсін, деді. –
Антын ақтай келсін, - деді, -
Сертін серттеп келсін, - деді. –
Антын ақтап келмесе,
Сертін серттеп келмесе,
Тарынбасын өзіме,
Көрінбесін көзіме,
Айшығы алтын қызыл ту
Ордасында көрінсін», - деді.
Соны айтып жас Айдар,
Тоқтамастан жөнелді,
Онан әрі заңғытып,
Онан әрі кеткен соң,
Ер Көкшеге жетті дейді.
Жатыр екен Ер Көкше,
Мақпалын шешіп, төсеніп.
Патшайы шешіп, белсеніп,
Сонда тұрып жас Айдар
Көкшеге сәлем береді.
Қосайға айтқан сөздерді
Көкшеге тағы айтады,
Оны ондай қорқытып,
Ыссықкөлдей толқытып,
Жүріп кетті орғытып,
Онан әрі барды дейді,
Боюн, Боюн, Боюн хан,
Боюн ханнан Шаян хан,
Шаян ханнан Қарахан,
Қараханнан Жақып хан,
Жақып хан ұлы Манас хан,
Ер Манасқа барды дейді.
Жатқан екен Ер Манас,
Батар айдай балқысып.
Шыққан күндей толықсып.
Ер Манастай батырың,
Алтынды танап ақ шатыр
Аспандата тігіпті.
Күміс танап көк шатыр
Көкке тірей тігіпті.
Ала байрақ қу найза,
Жаудыраған қырық шора.
Он екі табан орда атып,
Ойын - күлкі салыпты.
Жатыр екен Ер Манас
Аузынан түтін бұрқырап,
Көзінен жалын шұрқырап,
Балдырғандай бұралып,
Бала құстай талпынып,
Қаршығадай қағынып,
Ителгідей тебініп.
Көзін әне ашты дейді. –
Армысың ерім, тірегім?
Батыр төрем, падишам,
Есен-аман болдың ба?
Сау-саламат жүрдің бе?
Атты көріп далада,
Алдына кіріп барды дейді. –
Көк дөненнің басы бар,
Көкетай ханның асы бар.
Шабатұғын аты бар,
Тартатұғын еті бар,
Ата - атаның ұлына
Беретұғын мүше бер.
«Асымды билеп берсін, - деді, -
Алтын ерлі Аққұла
Асыма алып келсін», - деді,
Қосайға айтқан сөздерді
Манасқа тағы айтты дейді.
Сонда тұрып Ер Манас
Басын көтеріп алды дейді,
Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шора.
Қырық шора басы - Қырғын шал,
Қатынын жылда үш тудырған,
Сүргін шал
Бөксесі оның өбең шал
— Уа, әуедегі жұлдызым,
Су ішінде құндызым,
Жан жолдасым - Жәнібек,
Тын жолдасым - Тінібек,
Қамбардан қалған хан - қорым.
Мәжікден қалған гүл шорам,
Үйде серік от басым,
Тауда сырғақ топ басым,
Нұрдың ұлы – ол Жамбай,
Шырын сөзді Ажыбай,
Саурандықтан көк ала сақал Алмамбет,
Сасық ауыз Сәлмембет,
Құтнайдың ұлы Қужігіт,
Құбылжыған сұм жігіт,
Ең кішісі - Таз Маймет,
Жан қазанға ет қайнат.
Бұ құлдың айтып тұрған сөзін көр.
Сөйлеп тұрған кебін көр.
Оның айтар сөзіме?
Менің ұғар кебім бе?
Астындағы Мәнекерді
Жығып салып сойыңдар
Бұ құлдың өз басын
Қойдай етіп кесіңдер.
Қанын судай шашыңдар,
«Бөрік ал» десе, бас кескен
Жаудыраған қырық шора
Шылбырдан қармап алады,
Аттан аударып тастайды,
Ақ болатты қолға алып,
Көкірегіне шап мініп,
Басын кеспек болады.
Сонда жас Айдардың жылап айтқаны:
– Ай, батыр төрем, падишам,
Берең едің өткерші.
Теңіз едің, кешірші.
Дария едің, кешірші.
Асу едің, асыршы.
Жаңғырықты қиядан,
Жалғыз едім ұядан.
Мені өлтіріп, не етесің?
Не мұратқа жетесін?
Қинамашы санымды,
Қимашы қалша қызыл жанымды
Өлтіре қалсаң өзімді,
Обалым тиер көзіңе.
Бір ұядан тақ едім,
Жұмыртқадан ақ едім.
Сонда батыр туған ер Манас
Басын көтеріп алды дейді.
Қырағы көзін бадырайтып,
Қылмұртын ширатып. –
Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шора,
Кеше Орысханның он ұлы
Ол жаға зорлық қылғанда,
Жалғыздық басқа келгенде,
Жалғыздық өлтіре көрме өздерін.
Өшіре көрме оттарын
Сонда ала байрақ, қу найза
Жағасын көтеріп қоя берді дейді.
Және жас Айдар айтады:
– Айналайын атыңнан,
Еш кетпейін қасыңнан.
Айналайын ай терем,
Алтын сақал күн терем,
Көшкенде, қойыңды айдайын,
Еруде биеңді байлайын.
Отыныңмен кірейін,
Күліңмен шығайын.
Жан қазаның асайын,
Жан нөкерің болайын.
Алысқа сапар барғанда,
Атқосшың сенің болайын.
Ер Манастай батырға
Жалынып тұрған ебі сол.
Айтып тұрған кебі сол
Сонда Манас сөйлейді:
– Жайма кекіл жас Айдар құл - ай!
Ала күшік, арам сідік
Боқмұрын білер кебімді.
Көкетайдың осы асын?
Сасық айран, көк құрт
__________________
Байдың ұлы Баймырза,
Айтса, білер сөзімді.
Бұ құлдың айтып тұрған сөзін көр,
Сөйлеп тұрған кебін көр.
Атты өзіме байлатпай,
Күнді өзіме жайлатпай,
Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шорам,
Қалқаманның қара атын
Құйрығынан ұстап алып кел.
Еламанның екі атын
Елінен ұстап алып кел.
Ақ шатырды бүктеңдер,
Ақ сарғылға жүктеңдер.
Күмістен танап көк шатыр,
Көк шатырды бүктеңдер,
Көк сарғылға жүктеңдер.
Тұлпарға қосты тартыңдар.
Боқмұрын көзден жортыңдар.
Оның арқа құлағын жұлайын.
Аралата шабайын.
Оның түп - түбіне жетейін.
Түбіршігін қазайын
Қоқилатып ер сайып
Қосағыменен қыз алып,
Бір құмардан шығайын.
Осыны мен қылмасам,
Менің Манас атым құрысын.
Сонда жас Айдар айтады:
— Батыр төрем, падишам!
Айдың бұрышы - алты сан,
Алты айналып келгенше,
Әлденеше күн болар.
Жылдың бұрышы - жеті сан,
Жеті айналып келгенше,
Әлденеше жыл болар.
Мені қоя берсеңші.
Мені қоя берсеңіз,
Бәйгемді айтып берейін,
Бәйгемді айтып мен берсем:
Бас бәйгеге не саяды?
Тоғыз торқа тон саяды.
Тоқсан қалча құл саяды.
Сан сауыншы күң саяды.
Сан сарыша түйе саяды.
Сан сары бас бие саяды.
Ортасын қайдан айтайын?
Аяқ бәйгесін айтайын:
Ала бас жорға aт саяды.
Алпыс атқа мінгізіп,
Алпыс қалча құл саяды.
Боталы түйе нар саяды.
Балалы ноғай күң саяды.
Манаттан жапқан үй саяды.
Сонда тұрып ер Манас
Жас Айдарды босатты.
Мәнекердей тұлпарың,
Қатыра салмас қара сан,
Қатыра қамшы салды дейді.
Тайдай етін таратып,
Тайғандай жүнін түзетіп,
Қойдай етін қатырып,
Қояндай жүнін түзетіп,
Арандай аузын ашады,
Қанды көбік шашады,
Көрінген жерде көрініп,
Көрінбеген жерлерде
Көк түтін болып созылып,
Омбыл-омбыл ойылтып,
Омбылдан алыс түйілтіп,
Көк түтін болып жөнеліп,
Айқожаға бет алып
Жас Айдар жөнеп береді дейді.
Одан кейін ер Манас
Бала құстай талпынып,
Қаршығадай қағынып,
Ителгідей тебініп,
Қырық шораға айтты дейді:
«Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шорам
Бәрің ұқшас болыңдар.
Қырық қара боз мініңдер,
Қырық қара көк мініңдер.
Оқ дәріні қамдаңдар.
Жарақ - жабдық сайлаңдар.
Бататары мойнында,
Тезатары қойнында,
Тезден атқа мініңдер.
Қайыптан туған Аққұла
Жібектен шыжым тақтырып,
Манаттан жабу жаптырып,
Жетелеп алып жүріңдер.
Сұқсырдай болып шырық шора
Сонда жүріп берді дейді.
Сөз енді жас Айдарға келді дейд:
— Саймалы садақ байланған,
Самарқан тауын айналған,
Бұлғары садақ байланған,
Бұқара тауын айналған,
Ак, сәлдесі қазандай,
Шақырған үні азандай,
Аса таяқ қолында,
Өзі құдайдың жолында,
Ұлы да жолдың бойында,
Күн батқанның жерінде,
Екі тізесі шор болып,
Алақаны жауыр болып,
Маңдайлары жарылып,
Намаз өтеп тұр екен.
Айбан боздай күлігін
Асасына байлап тұр екен.
— Айналайын Айқожам,
Алтын сақал күн қожам,
Ойырдайын ер қожам, - деп
Жас Айдар келіп тұрды дейді.
Сәлем беріп, айтты дейді:
— Қожа аға, көк дөненнің басы бар,
Көкетай ханның асы бар.
Қара бие қасы бар.
Хан атамның асы бар
Ата - атаның ұлына
Алабас жорға, шұбар ат,
Беретұғын мүше бар.
Шаба тұрған аты бар,
Бере тұрған бәйге бар.
Тартатұғын еті бар.
Қожам, саған Боқмұрын
Көп-көп сәлем айтты, дейді.
«Асымды баптап берсін, - дейді.
Мүшесін артық жесін, - дейді.
Ақ батасын берсін, - дейді.
Алақандай хат жазып,
Мәнекерге тақсын», - дейді.
Одан кейін Айқожа
Ықласпен келді дейд.
Оң батасын берді дейд.
* * *
Айтқан екен сауынды
Ала шабырт жазбенен.
__________________
Дойым алыптың барлығы,
Дойым аттың бәрісі
Келіп енді қалды дейд.
Мал түгіндей кәуірлер
Және тағы мұсылман
Бәрі жиылып қалды дейд.
Сонда тұрып Боқмұрын:
«Манас қалай келмед» - деп,
Төмен қарап тұрыпты.
«Қалай екен ер Манас
Ашуменен келеме?
Баламды жылатқалы келеме?
Байталымды тулатқалы келеме
Ер Манастың алдына,
Ер Манастың жолына
Тарту алып шығайын».
Содан кейін Боқмұрын
Тоғыз жорға қатарлап,
Тоғыз жамбы байланып,
Сырнай басты сұр жорға,
Кекілік басты кер жорға
Алып, енді шықты дейд.
Үн шығады, тыңда, Манастан,
Салдыр-күлдір етіскен,
Дүбірімен жерді жаңғыртқан,
Балдыр - былдыр мамырасып
Келеді екен Ер Манас,
Қырық қара боз - мінгені.
Қырық қара көк - кигені,
Көк қоянға ұқсатып.
Жаудыраған қырық шора
Аш бүркіттей саңқылдап
Келе жатқан екен-ді.
Келіп Манас сөйледі.
Сөйлегенде, не деді?
– Әй, ала күшік Боқмұрын!
Боқмұрын, саған қылмасам,
Басыңды қойдай кеспесем,
Қаныңды судай шашпасам!
Сен де білер сөз бе еді?!
Сасық айран, көк іркіт,
Байдың ұлы Баймырза
Сасық білер көп пе еді?
Сонда тұрып Боқмұрын айтады:
– Батыр Манас, падишам!
Шабушы болсаң, ел міне,
Кесуші болсаң, бас міне.
Төгуші болсаң, қан міне.
Алушы болсаң, жан міне.
Манас тағы айтады: -
Арқа құлағың жұлайын!
Сені аралата шабайын!
Сенің түп-түбіңе жетейін!
Және Боқмұрын айтады:
– Батыр Манас, падишам.
Терең едің, өткерші!
Теңіз едің, кешірші!
Дария едің, өткізші!
Асу едің, асыршы!
Сонда тұрып Боқмұрын
Тоғыз жорға қатарлап,
Ер Манастың алдына
Тартуын қоя берді дейд.
Бөксесіне көз салып,
Тұтас тоғыз жамбыны
Ер Манас көріп қойды дейд.
– Кәуір менен мұсылманның
Ортасына келмей-ақ,
Тар ту жедім міне, - деп
Манастайын батырың
Бір қалпайып қалды дейд.
Төбетейін қолға алып
Тынып жүрген солаңдар
Малақайын қолға алып
Басып жүрген солаңдар
Кемеке басты бөліпті,
Ет пісіртпей қойыпты.
«Жаба, жаба, жаба» - деп,
Жабылып жатқан көп қалмақ.
«Мұнду-мұнду, мұнду», - деп,
Бүлініп жатқан көп қалмақ
Еттің піскенін пісідей,
Шикісін шикідей алысып,
Бір біріне берісіп,
Етті алып қашысып,
Қалмақтардың бұл ісін
Ер Манас көріп тұрды дейд.
Ашуы қатты келді дейд.
Манастайын батырдың
Қара көзін қан шалып,
Қанды бетін сұр шалып,
Қайраты жаман келді дейд.
Тал шыбықтай бойлары
Алашықтай үрпиді.
Сақалы кетті сапсиып,
Мұрты кетті арбиып.
Дөнен аттың терісін
Өрім қылған бүлдұрсүн –
Құнан өгіз терісін
Өзек қылған бүлдұрсүн
Тел бұзаудың терісін
Бүлдіргі қылған бүлдұрсүн
Қарсыласқан қатынды
Қайқаңдатқан бүлдұрсүн,
Қонақ қылмас сараңды
Қоқилатқан бүлдұрсүн.
Сонда Жаба деген қалмақтың
Жағын айыра шапты дейд,
Мұнду деген қалмақтың
Басын айыра шапты дейд.
Үй түгіндей кәпірді
Кемекенің басынан
Күншілік жерге апарып,
Сүргітіп бір тастады дейд.
Сыңсыған елдің сол жерде
Жаны бір тынып қалды дейд.
«Өркенің сенің өссін - деп. –
Өрісің ұзара берсін», - деп,
Алғыстарын берді дейд
Кәуірдің ханы Месқара
Ас берген елді сынауға
Сұраусыз жетіп келді дейд
«Аты қандай екен? - деп.
Алыбы қандай екен? - деп.
Келбеті қандай екен» - деп,
Кәуірдің ханы Месқара
Енді сөзін бастады.
Сонда Ер Қосайдай батырға
Келіп сәлем берді дейді.
– Ау, ел ағасы - Ер Қосай!
Есен-аман болдың ба?
Сау-сәламат жүрдің бе?
Ел ағасы - Ер Қосай,
Теңдесің сенің кім еді?
Ай құлағы алғандай,
Алайған көзі шолпандай,
Мұрны таудың сеңгіріндей,
Мұрты шөлдің қамысындай,
Сенің теңдес кісің кім еді? - деді.
Месқараға Ер Қосай айтады:
– Үстіндегі көк тәңірідей
Атаңа нәлет, ит бөрік құл ай!
Қалай сен оны білмедің?
Кеше он екісінде оқ атқан,
Он үшіне жеткенде,
Сен кәуірді шетіңнен
Ордаңды бұзып, үй шапқан.
Кеше Жақып хан ұлы жас Манас,
Жаңа ауызданған Ер Манас,
Оны қалай білмедің, бәдірек құл-ай?
Месқара сонда айтады:
– Ой, ел ағасы - Ер Қосай!
Тоғыз көзді бадана
Топшыланып киген кім ?
Ай ана aт орайды білген кім?
Шалыш бойлы шалқұйрық,
Шалқұйрық атты мінген кім?
Шаршы жиын ішінде
Саңқылдап сөйлеп тұрған кім?
Сенің осы ғана кісің кім ? - деді.
Ер Қосай сонда айтады:
– Оны қалай білмедің, бөрік құл ай!
Toп әулие жиылып,
Тәубесімен бітірген.
Бар әулие жиылып,
Батасымен бітірген.
Тоғыз ұлдың кенжесі,
Еламан байдың баласы
Ер Төстік батыр болмай ма?
Және Месқара айтады:
– Үзенгісін үзе шіренген,
Найзасын көкке тіреген,
Төбедей даңқа бөз мініп,
Төредей болып тұрған кім?
Кіс қара тон киген кім?
Қара ішікті оңған кім?
Теңде қалмақ жақта болған кім?
Сенің анау кісің кім? - деді.
Ер Қосай және айтады:
– Оны қалай білмейсің, бөрік құл ай!
Оның жайын сұрасаң,
Іштен туған Едіге.
Мінген атын сұрасаң,
Тайдан туған тарлан боз, - деді.
Және Месқара сұрайды:
– Алтын күлді бадана
Алшаңдатып киген кім?
Ат орайды білген кім?
Кежегеге сақал жақтаған,
Аузын арақпенен шайқаған,
Сол Ат орайдың ішінде
Саңқылдап сөйлеп тұрған кім?
Ер Қосай жауап береді:
– Оны қалай білмейсің бөрік құл – ай
Байталдыға бай бермес,
Жағы барға сөз бермес,
Ер Үрбі батыр болады.
Ақтартаздың баласы,
Аты - Мөңке төресі,
Ер Үрбі батыр болады.
Және Месқара сұрайды:
Ақ тікеннің бүріндей
Әне бір кісің кім болады?
Ақ сұңқардың жүніндей,
Көк тікеннің бүріндей,
Көк сұңқардың жүніндей
Мына бір кісің кім еді?
Арақ ішіп алқынған,
Бала құстай талпынған,
Қаршығадай қағынған,
Ителгідей тебінген әне бір кісің кім еді?
Ер Қосай жауап береді:
– Оны қалай білмейсің?
Тауқара күлік аты бар,
Тауқара мінген Ер Қараш.
Ойратта жоқ ерлігі,
Өзгеше туған Ер Қараш, - деп жауап берді дейді.
– Сонда кәуірдің ханы Месқара ел жақсыларының барлығын келекелеп, сыншы болғансып және айтады:
Жазғы қосқан айғырдай
Алпаңдаған анауың кім?
Қысқы қосқан бурадай
Бұрқылдаған анауың кім?
Күзгі қосқан қошқардай
Күржеңдеген кісің кім? - деп, осылай жақсыларды келекелеп, жаманды бұлғап кетті - дейді. Енді ол Месқара, атқа көз салып, Ер Қосайға сыншы болып айтады:
– Ел ағасы Ер Қосай батыр әтеке,
Тоғайда бұлбұл үнденген
Өшірген көмір жүнденген
Анау қыйыду қара aт кімдікі?
Өзі қыйыду мал екен.
Өзі қыйыду қара aт екен.
Жарым жолға барғанда,
«Ақсап, жатып қалдым» - деп,
Екіден соңғы келер мал екен.
Алты ай шапса, арымас,
Ер Үрбінің қыйыду қара аты екен.
Және тay да туып, таста өскен,
Құмда туып, шөлде өскен,
Құланменен бірге өскен,
Текеменен бірге өскен,
Темір тұяқ, жез білек,
Терлемейтін ырғай мойын
Көкала aт кімдікі?
Және құнан жасы мойнында,
Дөнен жасы қойнында,
Қанын бұтша жұлмаса,
Қан терлетіп ұшпаса,
Үш атқа амал болмас - ты.
Аққұланы алайық:
Ер Манастың аты екен.
Шалқұйрыққа шара жоқ,
Ер Төстіктің аты екен.
Көкалаға көбдік жоқ,
Ер Көкшенің аты екен, - деді.
Және алтын ері тоқулы
Қашқан қоян шоқулы
От орнындай тұяқты,
Қиған қамыс құлақты,
Нар шымыр басты Аққұла.
Бір жағында жиырма бір,
Бір жағында жиырма қанат бар екен
Арқасында Айдахардың түгі бар екен
Ер Манастың аты екен
Осы аттардың бәрінен
Жеке қара тұрмай ма?
Аққұланың бәйгесін
Біздің Жолай алыбымыз
Тартып ала тұрмай ма?
Оны оған жориын деді.
Және Месқара айтады:
– Қалқаманның қара атын
Қамшыланып тұрған кім?
Қалың жиын ішінде
Алшаң басып тұрған кім?
Қарапшысын байланып
Қалдай мінер ат екен.
Белдемшесін байланып
Пежін мінер ат екен.
Алтын-күміс артуға,
Пежін ханға тартуға
Епті күлікмал екен.
Және Месқара Ер Қосайға айтады:
– Пәче-пәче талақ қумұрт,
Менің Месқара екенімді білесің.
Мәнекердей күлік aт
Қай ырысыңа мінесің...
Біздің Жолай батырға
Мәнекерді тартсақшы.
Соған жауап айтсақшы.
Етті қалай тартуға,
Атты қалай шабуға,
Бәйгені қалай беруге
Ер Жолайдан жауап алсақшы, - деді.
Сонда тұрып Ер Қосай
Үйде жүрген талтаңдап
Месқара сөзін ұққан соң,
Есі шықты қалтаңдап.
Және Месқараға Қосай айтады:
– Әй, кәуірдің ханы Месқара,
Мен Манасқа барайын,
Манастан жауап алайын.
Мен білмеймін бұл атты.
Манас: «оны бер», - десе,
Алып келіп берейін.
Мәнекерді Манас бермесе,
Сені тіпті көрмейін, - деді.
Одан кейін Ер Қосай
Манасқа барып айтты дейді:
– Батыр Манас, падишам,
Бұ кәуірің оңа тұрған нәрсе емес
Не оңа тұрған ер емес.
Мәңкендей күлік аттарды
«Ежен мінер ат» дейді
Және «Ер Жолайға Мәнекерді тартсаң», - дейді
Етті қалай тартуға,
«Атты қалай шабуға,
Бәйгені қалай қылуға
Жолайдан жауап алсаң», - дейді.
Сонда тұрып Ер Манас Ер Қосайға айтты дейді:
– Ерлігің барда, есің жоқ,
Mұнша неге пәс болдың ?!
Ештеңемен ісің жоқ,
Ел ағасы - Ер Қосай.
Кәуірің бақты жемесін!
Мәнекердей күлікті,
Өлік болсаң, берерміз
Тірі болып тұрғанда,
Кәуірге қайтып береміз? – деді
Ел ағасы - Ер Қосай
Месқараның тап өзін
Тебіретпей мұнда алып кел.
Аударып аттан алайын,
Шалқасынан салайын.
Ораңғыны үстіне міндіріп,
Ойға - қырға желдіріп,
(Қызықты бір салайын).
Қара қан кетсін аузынан,
Сары зіл кетсін артынан,
Кәуірдің есін осылай
Әңкі-дәңкі шалдырып,
Еме, бір қызық ойын қылайын.
Одан кейін Ер Манас
Алтын басты Сарғылға.
Алтынды ер тоқытып,
Ақсарғылды қамшылап,
Үй түгіндей кәуірдің
Ішіне кіріп барды дейді.
Сүрілетін кәуірлер
Мәнекерден түңіліп
Ер Манастың алдында
Маңдайын жерге тигізіп,
Қол қусырып турды дейді.
«Сайын, Сайын, Сайын - деп,
Сайын тажы Манас», - деп,
Сайындасып тұрды дейді.
Сонда тұрып қалмақтар
Ер Манасқа егіліп,
Мерейлі сөз айтты дейді:
– Батыр Манас, падиша,
Жаңа ауызданған Ер Манас,
Етті қалай тартуды,
Атты қалай шабуды,
Бәйгені қалай қылуды,
Балуанды қалай қоюды,
Аттарды қалай айдауды,
Батыр Манас, падиша,
Бәрін де өзің білсеңші,
Біздер пәкі шұғылып
Таң-тамаша көрсекші
Бәрін біз қайдан білейік?
Екі тізгін, бір шылбыр
Өз қолыңа ала көр.
Батыр Манас, падиша,
Сайын тәжді Ер Манас,
Осы асты пежіным
Сен Манас, қарап біле көр.
Өзің билеп тұра көр.
Тағы аттарды айдап жіберсең,
Неше күнге болжаймыз?
Неше айға болжаймыз?
Байталдыға бой бермес,
Жағы барға жай бермес,
Ер Үрбі батыр бастаған
Аттарды қоя бергей, - деп,
Кәуірдер сөйлеп тұрды дейді
Сүргін дейтін Ер Манас
Кәуірдерге ашу қылды дейді. –
Саған кеңес кім қойды?
Саған сөзді кім берді?
Он екіден өрген бүлдұрсін,
Шапса, құлақ тындырсын.
Қасқая берген қатынды
Қайқаңдатқан бүлдұрсін.
Көз салмаған қатынды
«Көзелім» дегізген бүлдұрсін.
Тіл алмаған қатынды
Тілінен сүйдірген бүлдұрсін.
Қол бермеген қатынды
Құшақтатқан бүлдұрсін.
Қарсы шықпаған қатынды
Қалтыратқан бүлдұрсін
Көнбей жүрген қатынды
Күлдіріп қойған бүлдұрсін.
Жанамай жүрген қатынды
«Жаным» дегізген бүлдұрсін.
Сыр бермеген қатынды
Сырлас қылған бүлдұрсін.
Бұл сөзді айтып болған соң,
Бүлдұрсінмен Ер Манас
Сонда тұрған кәуірді
Жағын айыра шапты дейді,
Ас берген елдің тобынан
Тәңіріне қарай қашты дейді.
Ап деп соңыра Көкетайдың асына келген халайық, мұсылман, кәуір бірігіп, осы астың бар билігін Ер Манасқа берді, - дейді. Сонда Ер Манас Ер Қосайға кеңес беріп, тағы бір сөз айтты дейді.
– Ел ағасы - Ер Қосай,
Әрі барса, алты айға,
Бері келсе, алты айға
Шабарға кеткен аттарды
Он екі айда көрелік.
Балалардың жанына
Таусылмас азық байлалық.
Көптеген азық берелік.
Аттар қайтып келгенше,
Тамаша қызық қылалық.
Міне, атты айдамақ болды дейді,
Мұсылманмен кәуірдің
Екеуінен шыққан ойшылар
Аттарды сынап тұрды дейді.
Шабарға кеткен аттары
Екі мың сексен болды дейді.
Баяғы Жайма кекіл жас Айдар
Мәнекерге мінген дейді,
Ат айдаушыға жүрген дейді
Сонда Көкетай ханның баласы
Болпық туған Боқмұрын,
Міне, турасынан барған дейді.
Жас Айдарға айтқан дейді:
– Жайма кекіл жас Айдар шорам.
Астыңдағы Мәнекер,
Алты айшылық жол басса,
Айлық табына келетін,
Жеті айшылық жол басса,
Жыл табына келетін.
Астындағы Мәнекер
Еш өнерін көрмедім.
Ешбір сырын алмадым.
Кеше Самарқанды Керей шапқанда,
Сары ханның асында,
Сан кісіден жеке қара шыққанда,
Тағы бері қайта тартқанда,
Мәнекердей күліктің
Ауызын қоя бермегіл.
Ауызын қоя сен берсең,
Өзге аттардың алдынан
Үш күн бұрын келер, шорам.
«Өз бәйгесін өзі алды», - деп,
Жақынға қаңқу болармыз,
Алысқа ертегі болармыз.
Атты айдап кетті дейді.
Ертеңіне болды дейді.
Онан кейін Боқмұрын,
Көкетайдың көп малын
Тоқсан торы ала айғырдың
Үйірімен айдап салды дейді.
Жылқыларды үйіріп - үйіріп қойған соң,
Дауыстап жұртқа айтты дейді:
«Күреске балуан шықсын, - дейді,
Қай жыққаны осы жылқыны алсын», - дейді.
Сонда тұрып кәуірдің ханы ер Жолай,
Қазандай қара бөркі бар,
Кан шыққанның бәрін де
«Сорамын», - деген еркі бар.
Малды көріп, қызады,
Бүткіл бойы ысады.
Таудай болып дөңкиіп,
Түсіп жеке келді дейді:
«Кісің шықса майданға,
Оны жығып аламын.
Кісің тіпті шықпаса,
Бұл жылқыны тұрған бойы мен
Бірін қоймай аламын», - деп,
Түктеніп сонда тұрды дейді.
Сонда Ер Қосайдай батырдың
Есі шықты қалтаңдап.
Оған тағы барады,
Бұған тағы барады.
– Батыр Манас, падишам,
Кәуірдің ханы - ер Жолай
Таудай болып дөңкиіп
Майданда әне жатыр, - дейді.
– Немене, еліміздің намысы
Көрдің бе, қолдан тайды, - дейді. –
Ay, батыр Манас, падишам!
Сен қалайсың балуанға,
Шығып намыс алғанға?
Ішін қып сап балуанның,
Жығып бәйге алғанға.
Сонда Манас айтады:
– Ау, ел ағасы Ер Қосай!
Аққұланың үстінде,
Ақ дәу келсе, ақтарам,
Көк дәу келсе, көмкерем.
Аққұланың үстінде,
Босаға бойлай жау келсе,
Бұрын сайып бермесем,
Сонда, Қосай, мені сен өлтір.
Ірге бойлай дәy келсе,
Бұрын сөйлеп бермесем,
Сонда, Қосай, сен өлтір,
Мен жаяуға тұрмас ит едім.
Мен жоламаймын Жолайға.
Бәйгені алсаң, менен ал, - деді.
Қосай атты батырға
Атаның арман күні бұл.
Қосай атты батырға
Атаның арман күні бұл.
Немене, айла қандай болады?
Амал қандай болады? –
Ер Төстікке барды дейді.
– Ay, айналайын, Ер Төстік ботам!
Кеше топ әулие жиылып,
Тәубесімен бітірген
Бар әулие жиылып,
Батасымен бітірген.
Тоғыз ұлдың кенжесі,
Тәңірінің ырайысы тиген
Ер Төстік сен едің, - деп,
Ер Қосай барып айтты дейді.
___________________
– Неме, кәуірдің ханы –
Ер Жолай Таудай болып дөңкиіп
Жатып алды көрдің бе?
Сен қалайсың Ер Төстік?
Ел намысы қолдан тайды ма?
Төстік сонда айтады:
– Ау, ел ағасы - Ер Қосай!
Кеше қара жорға азғырған,
Кеше жалмауыздың үйшігі
Жер астында жазғырған,
Қырық қабат темір үйдің ішіне
Онда салып тастаған
Шалқұйрықтың жегені
Жарым табақ арпа еді.
Өзімнің менің ішкенім
Жарым табақ жарма еді.
Жазы-қысы болғанда,
Үшінші жылға қалғанда,
Қырық темір қақпаны
Шалқұйрықтың күшімен
Қирата бір ашқанмын,
Онан әрі шыққанмын.
Ит ішпестің Алакөл
Су түбіне түскенмін.
Қырық құлақтымыс қазан
Алып шығып бергенмін.
Неме, жеңгелері соның жаман долы екен
Жер түбіне сақтаған.
Жеңгейлерін сұлу деп мақтаған,
Қыздарын «қырубек» десіп,
Ағалары мақтаған,
Айтусыз долы күң екен,
Сонда айламенен
Әл қаруым көтерген.
Айханның қызы Алтынай
Оны алдым күшпенен.
Онда қаруым кеткен-ді.
Күн ханның қызы Күнікей,
Онда қаруым кеткен-ді.
Неме, сол жер астында жүргенде,
Жиырма бір рет өлгенмін.
Шалқұйрықтың қырық бір жаны бар еді,
Жиырма бірін маған үріп берген еді.
О бастағы күнім болса,
Тағы, дәуренім өзімде болса,
Қайтер едім Жолайды ? - деді.
Сонда өзінің намысын қыршып тістеп айтады:
– Мен жоламаймын Жолайға.
Бәйгені алсаң, менен ал, - деді
Одан кейін Ер Қосай
Қандай амал болады,
Қандай айла болад? - деп,
Ер Көкшеге барды дейді.
– Айналайын Ер Көкше!
Кәуірдің ханы ер Жолай,
Таудай болып дөңкиіп
Балуанға түскен-ді,
Еліміздің намысы
Қолдан әлде тайған ба?
Қалайсың сен Ер Көкше? –
Деп, қасына барды дейді.
Ер Көкше сонда сөйлейді:
– О, мен жоламаймын Жолайға.
Патшайы шешіп төсендім.
Мақпал шешіп жастандым.
Мен арақтан таңдап бал іштім,
Қазыдан таңдап жал жедім.
Кешегі атам - Айдарханның тұсында
Айыр төсті адаммен
Алысқан жаныңмен емен.
Ару әке, бәйгені менен ал, - деді.
Сонда тұрып Ер Қосай
Бәріне бірдей айтады,
Бәрі бірдей қашады.
– Батпан аяқ бал ішіп,
Батпансыған мырзалар,
Аяқ - аяқ бал ішіп,
Алшаңдаған мырзалар
Онан да әрі қашады.
Үкімі қатты алыптар
Онан әрі қашады.
Онан кейін Ер Қосай
Темір өзек, тасжүрек,
Ботаға белі майысқан,
Текеге бұғы шалысқан,
Тәңірісіген Жанбайға
Келіп әне тұрды дейді.
– Жанбай батыр, қалайсың
Балуан айқас әдіске?
Сонда Жанбай айтады:
– Мен жоламаймын Жолайға,
Батыр, бәйгені менен ал, - дейді.
Онан кейін Ер Қосай
Жетісуды жерлеген
Жадыгердің ұлы Ер Бағыс
Белі қатты ер екен.
Оған келіп айтты дейді.
Сонда тұрып Ер Бағыс:
– Жоламаймын Жолайға, –
Деп жауап берді дейді.
Сары сақал, тікмұрт,
Айыр сақал, кісмұрт
Бәрі бірдей қашқан соң
Алпай-Мәмбет, Көкқоян
Өшегеойнаған жас бала,
Осыған әне барды Ила.
Барып үнді салды Ила.
– Атақұтан Алпай-Мәмбет, Көкқоян,
Кәуірдің ханы ер Жолай
Балуанға түсті Ила.
Қалайсың Мәмбет,
Көкқоян батыр ? - деп,
Қасына барып тұрды Ила.
Сонда тұрып Көкқоян
Талпынып, толғап айтты дейді:
— Өлсем, өліп қалайын,
Өлмесем, намыс алайын, әкей,
Жығылсам, жығылып қалайын,
Жығылмасам, намыс алайын, әкей.
Қайда сенің Жолайың ?
Сонда ел ағасы - Ер Қосай,
Алыптарға көрсетпей,
Жасырып Ила баланы
Балуанға салмаққа тұрғанда,
Сондай болып тұрғанда,
Қара қыр қара, қау көзді
Ер Манастың көзі түсті балаға.
Сонда Манас айтады:
– Ay, ел ағасы - Ер Қосай!
Ер Қосай, сен оңбай қал!
Таудай еді талабың,
Тастай еді жүрегің.
Бу баланың қара күші көп еді,
Бірақ шалуға әдісі жоқ еді.
Әй, бу балаңды
Қара тac келіп ұрмай ма?
Өлім сонда болмай ма?
Сонда намыс қолдан таймай ма?
Өлсең, Қосай, өзің ол.
Бұ баланы қоя көр, Қосай, - деді. –
Тұқымыңды көргенбіз, Қосай.
Қызығыңды білгенбіз, Қосай.
Бүгінгі намыс сенде Қосай.
Жолайменен қармасып
Майданға өзің шыға көр.
Өлсең, өліп қаларсың Қосай,
Өлмесең, намыс аларсың, Қосай.
Сонда ел ағасы - Ер Қосай.
Жас күнгісін арман қылып айтады:
– Атаның арман күні - бұл!
Жалаң аяқ жер бассақ,
Жер солқылдар жас күн - ай!
Жылан қызыл aт мініп,
Қыз жанаған жас күн ай!
Жиырма бесім болса еді!
Не отыз бесім болса еді!
Не қырық бесім болса еді!
Не елу бесім болса еді!
Не алпыс бесімнің өзі ғана болса еді!
Нежетпіс қана бесім болса еді!
Тіпті сексен ғана бесім болса еді!
А таңның арман күні - бұл.
Тоқсан бестегі Ер Қосай
Шешініп әне түспек болды дейді,
Сонда, Айдар хан ұлы Ер Көкше
Қосайға келіп айтты дейді:
– Ay, бұтыңдағы шалбарың -
Бұралған марал терісі, батыр,
Оқыра басқан ет екен батыр,
Кәуірдің ханы Ер Жолай,
Алқымдап сені алмай ма, батыр?
Балаққа қолын салмай ма, батыр ?
Сонда қақ айрылып кетпей ме, Қосай ?
Сонда абыройың ашылып қалмай ма, Қосай?
Сонда намысың қолдан таймай ма, Қосай?
Текелі тауды жайлаған,
Тау текенің терісі,
Ой текенің кірісі,
Күң ашытып, құл сүрген,
Алпыс боз биенің сүтіне
Алты жыл малма салдырған.
Қаныкейдей тектіге
Қапсырта оны тіктірген
Манастайын батырдың
Бұтыңдағы кең сымды
Қосай алып кисін де.
Одан кейін Манастайын батырың
Сымды сілкіп тастады,
Қосайға созып ұсынды.
Сым қолына толмады.
Жартысы ғана толды дейді.
Сымды жазып қарады,
Бір аттам жерге төселді.
Қосай сілкіп киген дейді.
Құп жарасып қалған дейді.
Балтыры симас болған соң,
Қарыс тіліп алған дейді.
Қаймаққа құймақ құйғандай,
Қалмаққа неке қиғандай,
Құп жарасып қалған дейді.
Тайлақтайын тайраңдап,
Атан түйедей алшаңдап,
Жорғалай басып Ер Қосай,
Майданға, әне, барды дейді.
Жолай ұшып тұрды дейді.
– Ау, сенің aт басындай жүрегің,
Алтыннан соққан білегің,
Айбынбай қайтып келдің сен?
Асқар тayдан асарсың.
Күмістен соққан білегің.
Қорықпай қайтып келдің сен?
Қой басындай жүрегің,
Қорықпай қайтып келдің сен?
Айбаланың қара тасындай
Сені алып енді ұрмасам, Қосай,
Сірә бір өлім қылмасам, Қосай,
Саныңнан алып атпасам,
Самарқанды көздей ұрмасам, Қосай,
Бұтыңнан алып ырғытып,
Бұқарды көздей ұрмасам, Қосай,
Саған бір өлім қылмасам,
Менің Жолай атым құрысын, Қосай, - деді.
Сонда Жолайға Қосай айтады:
– Атаңа нәлет, ит бөрікқұл - ай!
Сен күшіңе сенесің
Мен құдайға сенейін, - деді.
Сол бір жерде екеуі
Бурадайын бұлқысты,
Бұлшық етін жұлқысты.
Балақтарын түрісіп,
Тау бұқадай сүрісті.
Өрге қарап сүрісті,
Өрдегі тоғай жойылды,
Ойға қарап сүрісті,
Ойдағы тоғай жойылды.
Ой жерлері дөң болды,
Дөң жерлері ой болды.
Алысқан жері ерлердің
Айыр кезең өр болды,
Сүріскен жері ерлердің
Сүйір кезең дөң болды.
Шарпуынан ерлердің
Жарқ еткен қарға қашады,
Тоқ еткен торғай қалмады.
Күні-түні алысып
Қырық бес күндей болған дейді,
Сол мезгілде ер Манас
Қасына жетіп келген дейді.
Келіп оған айтты дейді:
– Ақылыңнан тандың ба, Қосай?
Аруыңды шалдырдың ба, Қосай?
Ермек қылып жүрсің бе, Қосай?
Таң-тамаша қалдың ғой, Қосай?
Сонда Қосай айтады: -
Әрі жүр, Манас, әрі жүр,
Қолыңменен сілтеме.
Бұ кәпірдің қара күші көп екен.
Мынау сұрғақ кәпірдің
Бір оқырасы жоқ па екен.
Оқырасын біліп алғанмын:
Бір күн оның жегені –
Тоғыз бұқа еті екен,
Тоғыз қошқар еті екен,
Тоғыз бура еті екен,
Тоғыз айғырдың еті екен.
Бір күн оның ішкені –
Тоқсан саба қымыз екен.
Әлде неше күн болды,
Манас, Дәм сыздырмай қойғанмын,
Манас. Ермек қылып жүргенмін, Манас.
Ертең талқыманың тал түсте
Тамашамды көріп бақ
Осы бір сұрғақ бөрікті
Оңқита бір жығайын.
Ертең күні болғанда,
Талқыманның тал түсте
Ондай обыр кәпірдің
Қарнын жерге шұбалтып
Қырлы-қырлы тастарға
Қарнын басып тұрған-ды,
Одан да сүріп қуған-ды,
Ел ағасы - Ер Қосай
Қармаған оның жерінен
Шып-шып сулар шықты дейді.
Кәуірдің қадалған жерінен,
Қара қошқыл қан шықты дейді,
Кәуірдің ханы - Жолайың,
Қосайды шалып жығам деп,
Шалқасынан өзі түсті дейді.
Көпке бетін көрсетпей,
Тығылып әне қалды дейді.
Қосай сонда кеудесіне мінді дейді.
Үстінен орғып Жолайдың,
Басынан аттап өтті дейді.
Жұрт оған қуанып,
«Хан бабамыз, еріміз,
Намыс алып берді», - деп,
Дойым алыптың барлығы
Атқа жүгіре түсті дейді.
«Қарқынды қарт ағамыз
Намыс алып берді», - деп,
Қалы кілем салды дейді
Сол жерде ару ағаны
Тау көтеріп алды дейді.
Сонда қалмақ толқысып,
Қатты намыс қылды дейді. –
Жықса, жығу бар еді,
Жығылса, жығылу бар еді.
Ханымыздың басынан
Аттайды деген неме? - деп,
Жаба деген қалмақтар,
Жабылып атқа мінді дейді.
Монду деген қалмақтар
Бүлініп атқа мінді дейді.
Дін мұсылман бәрісі
Самарқанның көк тасын
Бетке ұстап тұрды дейді.
Сонда Манасқа қарай бет алып
Мал түгіндей көп кәуір
Қаптап жетіп барды дейді.
Ер Манастай батырдың
Ашуы қатты келді дейді.
Ақбұлшындай күлікке
Ырғып үстіне мінді дейді.
Жаба деген қалмақты
Жабылта жүріп сайды дейді.
Монду деген қалмақты
Бүлінте жүріп сайды дейді.
Сол бір кезде бір жатқан
Балпың туған Боқмұрын
Тұрасынан келді дейді.
Өтініш тілеп тұрды дейді. –
Ас берген кісі қылмысты, Манас,
Ас берген кісі кінәлі, Манас,
Атамның асын бергенше, төрем,
Елге бүлік салмашы, төрем.
Жұртқа бұзық қылмашы, төрем.
Тұрасынан қостап алып жүрді дейді.
Және алып кетті дейді.
Кәуірдің ханы - ер Жолай
Жығылған жерде жатқан дейді.
Тоғыз жорға қыналап
Тұрасынан жетелеп
[Алдына оның тартты дейді].
Көзін ашып қараса:
«Өңкілдеген өңкей солаңдар,
Атты бермен тартыңдар.
Қалай жығылып қалғанмын?
Тоғыз жорға төтенше
Сонда да тарту жедім», - деп.
Кәуірдің ханы ер Жолай,
Өлгеніне қарамай,
Бір қомпиып қалды дейді.
«Еркіндік,міне, болды», - деп,
Мұсылман, кәуір алдына
Тоғыз жорға қыналап
Тағы да айдап салды дейді.
Енді ер сайыстырмақ болған дейді.
Кәуірдің ханы – Жаңбыршы
Атқа, әне, мінген дейді.
Тула бойын топшылап,
Бұлтиған бетін опалап,
Қарағай найза өңгеріп,
Ат қоюға оңданып,
Қарағай найза қомданып,
Ат қоюға жөнденіп.
Жер ортасы - Бозтөбе –
Болжал қылған жері сол.
– Соңымнан шық саз әуіде,
Сайып өзім алармын.
Мұсылманнан біреу шықпаса,
Тоқсан жорға тобымен
Айдап бір оны алармын.
Сонда тұрып әлеумет,
Ел ағасы Ер Қосай
Ер Манасқа айтты дейді:
– Батыр Манас, қалайсың?
Кәуірдің ханы Жаңбыршы
Баса-көктеп кетті ғой
– Әттең дүние Ер Қосай!
Астымда мінген атым жоқ.
Сауранбектің Көкала,
Алмамбеттің құйымшақты Сұрала
Түсіріп алып мінген дейді.
Өрге қарап салды дейді,
Тоңқалаңдасып қалды дейді.
Ылдиға қарап салды дейді,
Төңкерілісіп қалды дейді.
Көкше ханның астынан
Көкаладай беренді
Түсіріп тағы мінген дейді.
Темір тұяқ, жез білек,
Ырғай мойын Көкала,
Ер-тоқымды салған дейді.
Көкаланы мінген соң,
Өрге қарап салды дейді,
Оқыс беріп кетті дейді,
Ылдиға қарап салды дейді,
Ығыс беріп кетті дейді.
Сонда тұрып Ер Манас
Көкаланы мақтады:
«Әттеген-ай! Бабына егер жеткенде,
Аққұладан тек қана
Бір күндік кемі бар aт екен».
Белдемше құяқ себілді
Беліне тартып алды дейді.
Шарайна деген себілді
Жүрек басына қойды дейді
Дулыға деген себілді
Сүйек басқа киген дейді
Балдағы алтын, сабы жез,
Шын бадана торғай көз
Жағасы алтын жүлгір жез
Иір бадана торғай көз,
Ақ ұлпадай себіл тон.
Ат көтергіш кемер тон
Үстінен баса киген дейді.
Қарағайдың жартысы,
Ақ болаттың құймасы
Тұтам бауын шуматқан,
Тұтам бауын сырлатқан.
Күш қара қыл тақтырған,
Дұшпан жаққа бақтырған.
Қарағай найза, қақ сүмбі
Қолтыққа қынай қармайды
Жаңбыршының соңынан
Жүріп іле берген дейді.
Жер ортасы - Бозтөбе
Жетіп іле барған дейді.
Кәуірдің ханы Жаңбыршы
Ыстығына батпады,
Суығына тоңбады
Манастайын батырың
Қайта келіп қашқан дейді.
Кәуірдің ханы - Жаңбыршы
Атының басын қайырып,
Қайта бері тартты дейді
Онан кейін Ер Манас
Аузынан түтін бұрқырап,
Көзінен жалын шұрқырап,
Қарағай найза өңгеріп,
Қасына жақын келген-ді
Көкаладай беренің,
Қатыра салмас қара сан,
Қатыра қамшы салды дейді
Тайдай етін таратты,
Тайғандай жүнін түзетті,
Қойдай еті қурады,
Қояндай жүні түзелді.
Жылға жерден жылыған,
Жылып жақын келген дейді
Оқты бір сонда атқан дейді
Сонда тұрып кәуірге
Бөксере қуғын салған дейді.
Тағы айналып келген дейді.
Кәуірдің жүрек басынан
Сүңгіні сонда салған дейді.
Таудай болған Жаңбыршы
Тоңқайып жатып қалған дейді.
Жаудың қашқан аттарын
Ұстаймын деп Ер Манас
Ермек қылып жүрген дейді.
Мұны көріп адырайып
Жаба деген көп қалмақ
Жабылып атқа мінген дейді.
Монду деген көп қалмақ
Бүлініп атқа мінді дейді.
«Кешегісі еп еді,
Бүгінгісі немене?
Сайыс-майыс бар еді.
«Ат-ала» деген немене?»
Мұсылманның баршасы
Самарқанның көк тасын
Бетке ұстап сүзіпті.
Манас былай тұрғанда
Мал түгіндей көп кәуір
Қаптай қала қалыпты.
Жер қайысқан кәуірге
Бүліншілік салыпты.
Лашын тиген тағандай
Көп кәуірді шулатып
Тұс-тұсына қуыпты.
Содан кейін Боқмұрын
Тұрасынан кірді дейді. –
Ас берген кісі қылмыскер,
Батыр Манас, падишам, төрем!
Атамның асы өткенше,
Ел-жұртты бұзбай тұра гөр.
Манастайын батырың
Ойысып буған сол жерде,
Ашуы басылып қалды дейді.
Сол кезде баяғы Жаңбыршы сайылып жығылған жерінен тұрмастан жатқан екен: сонда Боқмұрын тоғыз жорға қыналап, Жаңбыршыға тарту берген екен дейді.
Кәуірдің ханы Жаңбыршы:
«Бүгінше тарту жедім», - деп,
Бір қомпиып қалды дейді.
Ертеңгі күні болғанда,
Жезден бұйда тақтырып,
Қалыдан кілем жаптырып,
Тұмсығы бар асудай,
Екі өркеші кісідей,
Мұсылман, кәуір алдына
Қараша қаймал, туу інген
Әкеліп бір сайды дейді.
Дәмесі бар әйелге:
«Жалаңаш келіп алсын», - деп,
Шақырып ұран салды дейді.
Көп ішінен бір қатын
Жалаңаштанып шықты дейді.
«Ораңқы» деген аты бар,
Орақа құла биесі бар
«Енеден тума болдым», - деп,
Жалаңаштанып келді дейді.
Екі қолын төбесіне қойды дейді.
Бөгелместен, түйені
Тісімен шешіп алды дейді.
Қаймалы қара інгенді
Жетелеген қалпымен
Мұсылман мен кәуірдің
Ортасынан қақ жарып
[Алшаң басып] жүрді дейді.
Сонда мұсылман мен кәуірің
Келеке қылып қатынды,
Қарқ-қарқ күлді дейді.
Сонда тұрып Ер Манас,
Еңсегей бойлы Ер Манас,
Турасынан кірді дейді,
Қатынға келіп айтты дейді:
– Алда, Ораңқы, оңбай қал!
Сен - Ораңқы қатын, болмай қал!
Сенің өңірің толған пулың бар, долы - ай!
Өрісің толған малың бар, долы - ай!
Сен малдан өліп кеттің бе, долы - ай?!
Пұлдан өліп кеттің бе, долы - ай?!
Не жеріңде кемің бар, долы - ай?!
Сенің бәтіңнің ішін қарасам
А ш Меркенің арғы шеткі жылғасындай,
Бөбешігіңе қарасам, долы - ай,
Асып қойған тұлғадай, долы - ай.
Сонда қатын Манасқа жауап береді:
– Әлде, Манас, не дейсің ?
Білде, Манас, не дейсің ?
Сонда бәтесің шапалақтап,
Қатын екен айтады:
– Ағыс пенен Қожасым,
Сені тапқан бұ көтім.
Алекемен Баубегім,
Сені де тапқан бұ көтім.
Манас пенен Жолайым,
Сені де тапқан бұ көтім.
Қосайменен Төстігім,
Сені де тапқан бу көтім.
Көкшеменен Едіге,
Сені де тапқан бу көтім.
Менің бұ көтім болмаса,
Қайдан шықтың, ерлерім ?
Өңір толған пұлым бар.
Өріс толған малым бар.
Тәуба шүкір құдайға
Өлмегендей мүлкім бар.
Мен қаруыма келгенмін.
Мен қайратыма қонғанмын.
Еркекте намыс болғанда,
Ұрғашыда намыс жоқ па екен, Манас ? - деді.
Жаңа ертеңгі күн болды дейді.
Тоқсан торы айғыр үйірін
Мұсылманмен кәуірдің
Ортасына салды дейді.
«Қай жыққаны алсын», - дейді.
Мұсылманмен кәуірден
Бір-бір балуан шықсын дейді
Қытайлардың сұрғағы
Қыр мұрынды Қоңырбай
Қоңырбай атты Үңіребай
Малды көріп, қызды дейді.
Біткен бойы істі дейді.
Аттан қарғып түсті дейді.
– Шықса, жығып аламын,
Шықпаса, тапжылтпастан,
Турасынан аламын.
Сонда ( тұрып майданда)
Ел ағасы Ер Қосай
Манасқа келіп айтты дейді:
– Батыр Манас, падишам,
Кімді қарсы саламыз ?
Манас (сонда) айтады:
– Ел ағасы - Ер Қосай,
Қоңырбайдай қытайға
Ала қынап бала қос.
Құлыштан туған Ер Ағыс,
Соны іздеп тап, - деді.
Мұнан іздеп тап деді.
Қыздың үнін көргенде,
Қия өтпеген Ер Ағыс
Думан іздеп кеткен, - деді.
Қос атпенен қолқа алып
Қосай іздеп жүрген деді.
Тойы бар жерге келді дейді.
Ақ ханның қызы – Алтынай
Асқан сұлу қыз екен.
Толып жатқан шытырман
Ойындары бар екен.
Қызға кіріп келді дейді.
Құба талдай иілген
Кілең сұлу жиылған.
Тоты құстай сыланған
Түге қыздар жиналған
Ту құйрықтай бұлғақтап
Айханның қызы Алтынай
Алдынан шыға келді дейді,
Отыз қызға ораңқысын көтертіп,
Қырық қызға қарқарасын сүйетіп
Taп сол кезде Ер Ағыс,
Қосайға еріп шыққан дейді.
Әдепсіз кеткен ит шіркін
Ел ағасы Қосайды
Білектен қармап алды дейді.
– Сенің, әлі де болса, күнің бар,
Алысарға күшің бар.
Әй, әкетай, Ер Қосай,
Қытайлардың азғыны –
Қыр мұрынды Қоңырбай
Қолымды былғар ит мен бе, әкетай?
Сонда ел ағасы Ер Қосай
Ер Ағысты алып жүрген-ді,
Алыптардың үстіне,
Алып бір жетіп келген-ді.
Сонда: «Қытайлардың құйрығы –
Қырмұрынды Қоңырбай
Қайдасың сен бәдірек?» - деп
Ер Ағыс сүрең салған дейді.
– Мұнда отырмын, Ағыс құл », - деп,
Қарт бурадай шабынып
Қоңырбай тұра қалды дейді.
Сол жерде екеуіне қарасаң,
Бурадайын бұлқысты,
Бұлшық етін жұлқысты.
Балақтарын түрісіп,
Тай бұқадай сүрісті.
Өрге қарап сүрісті,
Өрдегі тоғай жойылды,
Ойға қарап сүрісті,
Ойдағы тоғай жойылды.
Ой жерлері дөң болды.
Дөң жерлері ой болды.
Алысқан жері (ерлердің)
Айыр кезең болған дейді,
Сұр іскен жері олар дың
Сүйір кезең болған дейді
Екеуінің шарпуынан
Қарқ еткен қарға қалмады,
Тоқ еткен торғай қалмады.
Күні-түні демеді,
Отыз бес күн ұдайымен алысты
Ағыстайын батырың
Үйіріп іле салмақтап,
Қытайлардың қыр мұрынды
Қоңырбайдай кәуірін,
Құлыштан құтыра туған Ер Ағыс
Төбесінен шаныштыра
Дөңките жерге қойды дейді.
Иегі де, табаны да көрінді
Одан кейін, әлеумет,
Ертеңгі күні болды дейді.
Кәуір менен мұсылман
Бір өңкей болып турды дейді.
Әлденеше күн өтті,
Әлденеше түн өтті.
Ала бас жорға, шұбар ат,
Тартуға бәйге қамдады.
Бәйгесінің әлі де
Кем-кетігі бар екен.
Сонда Манас айтады:
«Әй, ел ағасы - Ер Қосай,
Кем-кетігін толтырған.
Мен ат жолына барамын».
Үш күншілік жол екен.
Ат жолына барды дейді.
Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шора
Аспанмен таласқан
Түпті шынар терекке
Барып, әне, қонды дейді.
Ақбұлшындай күлікті
Аса байлап қойды дейді,
Ақ ұлпадай себіл тон
Айқарасынан жамылып
Қатты ұйықтап қалған дейді.
Күні-түні тоғыз күн
Бірдей ұйықтап жатты дейді.
Жер айырылып, су шығып,
Күн күркіреп, көк шығып,
Не замандар болғанда,
Аттан хабар тыңдайды.
Ақ ұлпадай себіл тон
Сілкіп оны тастады.
Манастайын батырың
«Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шора,
Бәрің бірдей кел дейді».
Тастағы түлкі, тақ, сөйле!
Құмалақ, түлкім, құп сөйле!
Көзі ашығым, болжай гөр.
Жер тыншылар, жер тыңда!
Тастағы түлкім, тақ сөйле!
Құмалақ түлкім, тақ, сөйле!» - деді.
Найза бойы op қазып,
Жер тыңшысы жер астынан
Тыңдап, хабар айтады:
– Батыр Манас, падишам,
Қайсысы екенін білмей тұрам.
«Алтай, Алтай, Алтай!», - деп,
Алтайлаған ұран бар.
«Қаңғай, Қаңғай, Қаңғай!», - деп,
Қаңғайлаған ұран бар.
«Қошай, Қошай, Қошай!», - деп,
Қошайлаған ұран бар.
«Көкем, Көкем, Көкем», - деп,
Көкемдеген ұран бар.
«Төстік, Төстік, Төстік!», - деп,
Төстік деген ұран бар.
«Көкше, Көкше, Көкше!», - деп,
Көкшелеген ұран бар.
«Қараш, Қараш, Қараш», - деп,
Қараштаған ұран бар.
«Шойын, Шойын, Шойын!», - деп,
Шойындаған ұран бар.
«Дойым, Дойым, Дойым! », - деп,
Дойымдаған ұран бар.
Анығын жете білмеймін,
Манастаған ұран бар дейді.
Ақтар (таз) айтқанынша, болмады,
Аттар жыят етіп көріне қалды.
Кәуірдің ханы Жолайдың
Ашбуданы келеді алқынып.
Оның артынан Ер Үрбінің
Қиыду қарасы келеді
Оның соңынан Жаңбыршының
Алтын басты Ақсарғылы келеді.
Онан кейін Ер Төстіктің Шалқұйрығы келеді.
Кәуір дің Ашбуданы
Арандай аузын ашыпты,
Төсіне көбік шашыпты,
Мәнекердей күлік aт
Ауыздықпен алысып
Жайма кекіл жас Айдар
Аузын тартып келеді.
Шалқұйрықтың соңынан
Темір өзек, тac жүрек
Жаналының өрен торысы келеді.
Оған таяу Ораңқының
Орқа құла бедеуі келеді.
«Көтіне жел кіреді», - деп,
Тоғыз елі кигізді
Қабаттап тығып қойыпты.
Оның соңынан Жетісуды жерлеген
Жәдігер ұлы Ер Бағыс
Ойратты түзер ер екен.
Ер Бағыстың жыландай болған Сұрқоян
Жылысып шыға келіпті.
Сонда Ер Манастай батырың
Жан-жағына жалтаңдап,
Дамылсыз қарап тұрыпты.
Ер Бағыс аты соңынан
Кістей сақал жайқаған,
Аузын Ара құмнан шайқаған
Кең сауырлы Сарыала.
Ұйлығытқан, ойнатқан Алмамбеттей батырың
«Жаңадан шора болам», - деп,
Жағына алмай тұр екен.
Қайыптан туған Аққұла
Сызып, әне, келеді.
Сонда Манастайын батырың
Ақбұлшыңды түйілтіп,
Ашуы келіп тұр екен:
«Аққұла, саған қылмасам!
Аққұла, сені соймасам!
Сойып, етің жемесем!» - деп,
( Тісін қайрап) тұр екен.
Сонда Алмамбеттей батырың
Аққұланы жетелеп,
Он екі құлаш шылбырды
Алты жерден үзіпті.
Алты жалғау қылыпты.
Оны көріп алыстан,
Манастайын батырың
Аққұланы көздеп жүріпті.
Сонда, Алмамбеттей батырың
Аққұланы жетелеп,
Манасқа айта келіпті:
«Төрем - төрем», - дегенге
Мұнша неге дүрдидің?
«Манас, Манас», - дегенге
Мұнша неге бартидың?
Үріп қойған шанаштай
Мұнша неге дардидың?
Атты өзіме байлатпай,
Кеше өзіме жайлатпай,
Төрем, сені не дейін?
Бу немене қылғаның,
Кеше Шалқұйрықпен бірге терлетпей?» - деді.
Сонда Манастайын батырың
Айқай салып ақырды,
«Жақып! Жақып! Жақып!» - деп,
Жақыптап ұран шақырды.
Қайыптан туған Аққұла,
Қатыра салмас қара сан,
Қатыра қамшы салды дейді,
Тайдай етін таратты,
Тайғандай жүнін түзетті
Қойдай етін қуратты,
Қояндай жүнін жатқызды.
Алты айшылық жол басып,
Aт бабына келіпті.
Аққұладай күлігің
Жеті айшылық жол басып,
Жұл бабына келіпті.
Көк бұлттың астымен,
Буынды шөптің үстімен
Арқырап келіп ұшқан дейді.
Өңге аттардың бәрінен
Күндік жерге озып кеткен дейді.
Манастайын батырың
Ақбұлшынның ауызын
Сонда тартып тұрған дейді.
Қиқу салған шоралар
Қиқулап сүрең салды дейді.
Қырық боз мінген шоралар
Қырық қара көк киініп,
Көк қоянға ұқсасып
«Манас! Манас! Манас!», - деп,
Аққұланың соңынан
Ағыза шауып беріпті.
Саурандықтың көкала сақал Алмамбет
Қасына алып қалыпты.
Алтынды қара шақшасын
Алтын ердің қасына
Қағып-қағып жіберіп,
Аузына насыбай құйыпты.
«Аққұла бәйге алар, - деп,
Алдыңғы күні барар», - деп,
Көңілін қошуақ қылыпты.
Aт аяңымен жүріпті.
Артылманның Аққия
Ат аса алмай тұрыпты.
Көз жетпестің көк қия,
Аса алмай одан қалыпты.
Ұшып жатқан аттар көп,
Құлап жатқан аттар көп,
Аққияға жеткенде,
Ақбұлшындай күлік aт
Қалшиып тұрып қалыпты.
Манастайын батырың
Нәл тақалы көк етік
Мықшыңдап біраз басыпты,
Жібек белбеу бос салып,
Ақбұлшындай күлікті
Қыр арқаға салыпты.
Асу бермес Аққия
Көтеріп оны асты дейді,
Аққиядан асқан соң,
Ақбұлшындай күлікке
Мініп енді жортты дейді.
Сөйтіп, ас берген жерге барды дейді.
Мал түгіндей көп кәуір
Шоқысып көрінді.
Қырық шораның бәрісі
Арықтағы суларға
Маңдай теріскей болыпты.
Басының қанын жуыпты.
Айрылмаған басы жоқ,
Қанамаған жағы жоқ.
Манасты олар көрген соң,
Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған көп шора
Бөріктерін басына
Тезінен алып жауыпты
Шоралардың бәрісі
Томсырайып тұрыпты.
Манастайын батырың,
Қадала қарап көз салса,
Аққұладай беренді
Шиыр қаңтарып, кең тұсап,
Алтын шатыр өреге
Аса байлап салыпты,
Манас батыр барған дейді,
Екі жаққа қараса,
Аққулаға бәйге жоқ. –
Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шорам,
Шора басы - Қырғын шал,
Қатынын жылда үш тудырған,
Қажымайтын сүргін шал.
Бөксесі опаң берік шал.
Саурандықтың көк ала сақал
Алмамбет шорам,
Сасық ауыз
Сәрмембет шорам,
Құтынайдың қу жігіт,
Құбылжыған сұм жігіт.
Әуедегі жұлдызым,
Су ішінде құндызым.
Үйде серік от басым,
Тауда Сырғақ - топ басым,
Жан жолдасым - Жәнібек,
Тін жолдасым - Тінібек,
Нұрдың ұлы - Жанбай шорам,
Шырын сөзді Ажыбай шорам,
Қамбардан қалған хан шорам,
Мәжіктен қалған күң шорам,
Аты жұртқа далдайым,
Ат көтерген балуаным,
Төңірек жұртқа далданым
Ту көтерген балуаным,
Шоралардың кенжесі - Таз Байымбет, құл - ай!
Жан қазанға асқайнат.
Қазыменен жал қайнат.
Аққұла бұ бәйгеден қалды ма?
Бұ бәйгеден алдыма?
Бұ бәйгеден қалса егер,
Қабақ жерге алып кел,
Күлтелі басын кеселік,
Кең сауырысын оялық,
Етін үлбіретіп пісіріп,
Ұсақтап етін тұралық,
Етіне мықтап тоялық,
Сүйегін ит пен құсқа иіскетпей,
Патшайыммен оралық,
Мақпалменен шұлғайық,
Мас ажалдың беліне сүрлей оны қоялық,
Жоғары-төмен өткенде,
Көңілге тұтып қалалық, шорам», - деді.
Аққұла бұ бәйгеден қалды ма?
Бұ бәйгеден алды ма ?
Сонда, Нұрдың ұлы Жанбай
Жер сүзіліп, отырды.
Сонда Ажыбай айтады:
– Батыр Манас, падишам!
Сенің атың - Аққұла
Озып бәйге алмады.
Озбай, құры қалмады.
Сенің атың Аққұла
Алғашқы күні келген-ді.
Өңге аттардың бәрісі
Кейінгі күні келген-ді.
Кәуірдің ханы - ер Жолай
Бәйгеге зорлық қылып тұр,
Бәйгеңді тартып алып тұр.
Бәрімізді сойылдап,
Соққыға,міне, салып тұр.
Қасындағы көп алып
Қан болмаған бірі жоқ
Нанбасаң, төрем,міне, - деп,
Бөркін бәрі жұлыпты.
Оны көріп, әлеумет,
Ер Манастай батырың
Тал шыбықтай бұралып,
Лашын құстай түйілді.
Қара көзін қан шалды.
Ақбұлшындай береннен
Қарғып әне түсті дейді.
Хас ұстаға қақтатқан,
Қақ ырғайға саптаған,
Ұңғысы болат, үші құрыш,
Қияқты алмас айбалта
Білекке oрап алды дейді.
Аққұлаға секіріп мінді дейді.
Шылбырды түбінен қиғанда,
Шоқтық жалы тұлпардың
Терісімен қолына келді дейді.
Аш бөрідей жауға тиді дейді.
Мал түгіндей кәпірді
Сүрең салып қуды дейді.
Кәуірдің ханы Жолайды
Алты сан қалмақ болысып,
Алты қоршап алыпты,
Жеті сан қалмақ болысып,
Жеті қоршап алыпты.
Сонда кәуір ішінен
Қораздай мойнын қозғатып,
Қылмұртын ширатып,
Аларған көзін ақшитып
Кәуірдің ханы Жолайың
Тесірейе қарап тұрыпты.
Қияқты алмас айбалта
Есіп бір сонда кетті дейді,
Кәуірің оған тұра алмай
Екі жарыла берді дейді.
Сонда Манастайын еріңіз
Кәуірдің ханы Жолайдың
Жағын есіп кетті дейді,
Басын айыра шапты дейді.
Сол мезгілде ентелеп,
Болпық туған Боқмұрын
Ер Манасқа келді дейді.
«Батыр Манас, падишам,
Ас берген кісі кінәлі,
Ас берген кісі қылмысты,
Әкем асы өткенше
Жұртқа бұзық салмашы.
Сұмырай, сұрғақ Жолайдан
Бәйгеңді алып берейін», - деді.
Сонда Манастайын батырды
Қолтықтап алып кетті дейді.
Манастың райы қайтты дейді.
Кәуірдің ханы - Жолайдың
Жағының қаны тиылмай,
Жосылып суша ақты дейді
Жолым үйдей кигізді
Алып келіп басты дейді.
Оған - дағы болмады,
Жолым үйдей қу алып,
Тағы әкеліп басты дейді.
Сонда қаны тиылды.
Тоқсан өгіз терісін
Тағы да қаптап басады
Сонда Жолайдайың кәуірің
Ақыра орнынан тұрды дейді.
«Шыбын еді бұ Манас.
Шіркей еді бұ Манас.
Жағымды қалай шақты», - дейді.
Ертеңгі күн болғанда,
Кәпір менен мұсылман
Айрылыспақ болды дейді.
Манастайын батырың
Жолайға кіріп барды дейді. –
Атаңа нәлет, қан жүрек,
Сәукеле шошақ, ит бөрік,
Алпыс ерді бір жұтып,
Қан жүктеген ит бөрік.
Алпыс үйді бос шауып,
Жан тітіреткен, сұм Жолай.
Кеше үңгіршенің ойынан,
Үш қақпаның бойынан
Отар түйе алғанда, бөрік,
Сонда бір өліп қалмап па ең, бөрік?
Сонда қылғанмен Манас.
Сенен қорқар мен емес,
Кеше Ағай ханның жонында
Алты санды көп жылқы
Айдап тиіп алғанда,
Ұлы жолға салғанда, бөрік,
Шуылдаған құлынды
Суға қырып салғанда,
Сыңылдаған биеңді
Жолға жарып кеткенде,
Сонда өліп қалдың ба ?
Енді кісі болдың ба ?
Сонда қылғанмен Манас,
Сонда сенен қорықтым ба?
Кеше Көкай ханның жолында
Жеті санды көп жылқы
Дауылпазды қарсы қойып,
Ақкелтені тарс қойып,
Сенің жылқыңды жиып алғанда,
Ұлы жолға салғанда,
Сенің жорғаңды жорғалатып,
Жол үстіне салғанда,
Жортақыңды ұстап мінгенмін, бөрік.
Сонда тек қан сіңір болған
Тайларың қалған, бөрік,
Кәрі-құртаң биең қалған, бөрік
Сенің астындағы Ашбұдан, бөрік.
Сонан қалған жұрағат,
Сонда қылғанмен Манас.
Сенен қалай қорқамын?
Әкел енді, бер бәйгемді!
Сенің құлжасыңды алғанмын, бөрік,
Құлағын кесіп салғамын, бөрік,
Сенің базаршыңды алғамын, бөрік,
Басын кесіп салғамын, бөрік,
Жолаушыңды алғамын, бөрік,
Жолда жарып салғанмын, бөрік,
Алпыс үйді жаяу басып,
Тер жүктеген сен, бөрік,
Алпыс ердің қанын жұтып,
Қан жүктеген сен, бөрік,
Әкел, бер, бәйгемді! - деді.
Кәуірдің ханы шоң Жолай
Құлақ қақпай қойды дейді.
Мал түгіндей көп кәуір
Қаптап жүріп берді дейді.
– Өлсем, өліп қалармын,
Өлмесем, саған, Манас, қылармын! - деп,
Батыр Жолай айтты дейді.
– Манастайын итінен
Жақ айыртты деген – не сұмдық?
Мен мұнан әрі барармын
Шәкіменен Жайнақтың
Құлжаменен Қонақтың
Кіле ортасына барармын,
Қалың қол жиып алармын
______________________
Арғын сүмін шаптырып,
Алты сан қолдар жиярмын.
Зорғын сүмін шаптырып,
Жеті сан қолдар жиярмын.
Сонда Манас саған қылармын - деп,
Сонда тұрып Ер Манас
Сазарған бойымен қалыпты.
Ер Манастай батырың
Қайта салып барған дейді,
[Алыптарына ұран сап],
Қосай қолын сұрады,
Қосай қолын бермеді,
Төстік қолын сұрады,
Төстік қолын бермеді.
Дүйім алыптың бәрінен.
Бас - басынан сұрады,
Бәрі де бірдей бермеді,
Әуеде жұлдыз бар екен,
Айдарханның баласы -
Айланғыш туған Ер Көкше
Құдай дескен досы екен.
– Айланғыш туған Ер Көкше батыр!
Сен қолыңды бере көр, батыр,
Сен қолыңды бермесең,
Көкала күшін бере тұр.
Көкала күшін бермесең,
Көк көбең күшін бере тұр.
Мен Шәкіменен Жайнақтың,
Құлжаменен Қонақтың
Екі ортасын тосайын,
Көгіршіндей ер тонап,
Көңілімді басып алайын.
Тақия тонап киейін,
Сауысқандай ер тонап,
Санамды басып алайын,
Күрме тонап алайын, Көкше, - деді.
Сонда Көкше айтады:
– Батыр Манас, падишам,
Оқтым менің, андам,
Білегім бітеу, тууым бас,
Өзім жылғыз, елім аз.
Алтай толы көп қалмақ,
Араласа тұрамын,
Менің Көкаламды танып қоймай ма?
Қаңғай толы көп қалмақ
Көккөбеңімді танып қоймай ма?
Бәрісін танып алған соң,
Мені Қыл Ертістен қумай ма?
Мені түп-түбіме жетпей ме, Манас?
Қарқындап кәуір алмай ма, Манас?
Қарық олжаға батпай ма, Манас?
Мен қолымды бере алман, Манас?
Қаласаң, Ақеркешті алып кет, Манас,
Ұмсынай сұлуды алып кет, Манас,
Қаласаң, Үмбетейді алып кет,Манас, - деп,
Көкше оған жауап берді дейді
Сонда Манас айта-айта кетеді:
– Бәрісінің керегі жоқ достым,
Антыңмен сертің мойныңа, достым.
Маған күш бермесең
Атыңменен құрып қал,
Тоныңменен құрып қал - деп,
Салып (топқа) жетті дейді.
Мұсылманның бәрісі
Қайыра шығып берген дейді.
Жер ортасы - Бозтөбе,
Бозтөбеге Манас жатып алған дейді.
Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шорам,
Бәрің бірдей отырсың.
«Аққұланың бәйгесін
Сұрқия содыр Жолайға
Тартты», - деген немене?
Жақынға намыс болмай ма?
Алысқа қаңқу қалмай ма?
Әй, қырылғыр қырық шора,
Жиырмаң үйге бара гөр,
Болсаң, Үпі шал болып,
Жиырмаң мұнда қала гөр,
Темірхан қызы – үйдегі
Текті туған Қаныкей,
Қаныкейге бара көр.
Жаз болғанша жортамын,
Жаз азығым қамдап кел.
Қыс болғанша жортамын,
Қыс азығым қамдап кел.
Шорам, мұнан әрі ап барғын
Түгер ұста дарқанға.
«Сәлемменен», - деп барғын.
«Отыз ұлын ертсін, - де, -
Тоғайдың ішіне кірсін», - де,
Екі жағын, асасын
Шыбынменен шіркейдің
Тұмсығымен суарып,
Бір ақ болат жасасын.
Әрі барсаң, үш күнге,
Бері болса, үш күнге,
Алты күннен сен қалсаң,
Бәріңді бірдей қырамын, - деді.
Жортып кетті шоралар
Темірхан қызы Қаныкей,
Түсінде берген аянды,
[Батырға керек жабдықтың]
Бәрін дайындап қойған-ды,
Ап Түгер ұста дарқанға
Сәлем бере барыпты,
Түгер ұста дарқаның
Отыз ұлын ертіп,
Тоғайдың ішіне кіріпті,
Ақ болатын жасай бастапты.
Сонда көрігіне шыдамай,
Көк бұқалар мойылды.
Көміріне шыдамай,
Толған тоғай жойылды.
Суаруына шыдамай,
Қысқа сулар суалды.
Түгер ұста дарқаның
Бір ақ болат жасады.
Сонда Түгер ұста дарқаның
Құлынды қара биесіне секіріп бір мінген дейді,
Шоралармен еріп жүрген дейді.
– Мен Манасқа барам, - деп,
Манасқа барып қайтам, - деп,
Ақ тінте жәйін айтам», - деп,
Шоралармен Манасқа барды дейді
– Салау да салау, Манас падишам, төрем!
Есен-аман болдың ба төрем?
Сау-саламат жүрдің бе, төрем?
Манас сәлемін алады:
– Әлейік сәлем, Абышқа байым,
Есен-аман жүргенмін, байым,
Сені көптеп сағынып,
Арнайы кісі жібергенмін, байым,
Сонда Түгер ұста айтады:
– Айналайын, падишам, төрем,
Ау, тұра гөр тағыңда, төрем.
Мен тоғайдың ішіне кірдім,
Кіріп бір ақ болат жасадым
Кәуірдің басын кескендей
Ақ болат тай себілдің
Жайын саған айтайын:
Осыдан іле қайтамын
Қынға салсаң, қылт етпес,
Суырып алсаң, жылт етпес,
Қынапқа түзеп сала гөр, төрем,
Қынабыңнан аларда, төрем,
Кәуірді көздей салар да, төрем,
Ай жаққа қарай сілтесең, төрем,
Алтын балдақ жалт етер,
Күн жаққа қарай сілтесең,
Күміс балдақ жалт етер.
Ақырын сілтеп, қатты тарт,
Оқыстан жерге түспесін,
Қолыңнан жазым болмасын.
Жүзін жерге қаратпа, төрем,
Зеуіде жатқан жерінде.
Сонда Түгер ұста дарқанға
Жылқыдан жүзді береді,
Қойдан жүзді береді,
Сиырдан жүзді береді.
«Қол жаулығың болсын», - деп,
Кілемнен қалиша жаптырып,
Патшайымен орады
«Құдай осы сапарда
Абырой беріп, оңдаса,
Түгер ұста, абышқам,
Алапатыңды артық қылармын», - деді.
Сонда Түгер ұста батасын беріп жөнелді дейді. Одан кейін Манас кәуір жаққа жүрмек болып, шораларына айтады:
«Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шора,
Ақ шатырды бүктеңдер,
Ақсарғылға жүктеңдер.
Көк шатырды бүктеңдер,
Көксарғылға жүктеңдер.
Тұлпарға қос тартыңдар,
Кәуірді көздей жортыңдар».
Соны айтып жүріп берді дейді.
Күні-түні Ер Манас
Аттан қосты түсірмейді.
Сегізінші күн болғанда,
Тақиядай Талшоқы
Алшайып оған барған дейді.
Онда келіп Ер Манас,
Екі жағын болжайды.
Өз-өзінен Манасың
Налыс етіп сарнайды:
«Айналайын атыңнан, ием!
Мен көргенді көрдің бе, ием?
Мен білгенді білдің бе, ием?
Айналайын атыңнан, күлігім.
Бір кетпейін қасыңнан, күлігім.
Көргенің болса, айта гөр, күлігім.
Білгенің болса, айта гөр.
Осы, осы сары белдің жонында, ием,
Құздағы қызыл түлкідей құбылып
Кешегі кәуір Жолайдың
Өткен сұлу қызы екен.
Сонда бізді көріп қалыпты
Адамның жіберген ері ме?
Құдайдың жіберген құлыма?
Жерден шыққан жік пе екен?
Не Жебірейіл солма екен?
Судан шыққан сұқ па екен?
Не Супырайыл сол ма екен?
Осыны барып алсақ, ием,
Сонда бізге берер де, ием,
Сонда бізді жарылғар, ием.
Оны тағы бермесе,
Бізді құдай ұрады, ием.
Обыр Жолай кәуірдің
Бір қарауылы ол екен.
Осыған Алмамбеттей батырды
Жібергін, ием,
Алмамбетің жарамаса,
Қырғын шалды жіберші, ием,
Қырғын шал жарамаса,
Сүрік Сырғақ құрысын.
Арамызда туған құл еді,
Ақсарғыл мен Ажыбайды
Жіберші, ием».
Сонда Ажыбай бармақ болды дейді.
«Бір оғың кезеп ала гөр,
Бір оғыңнан болмаса,
Тағы бір оғыңды тістеп ала гөр.
Осыны құдай бір берсе,
Опырып алып келе гөр.
Қалайда алып кел» деді
Қанжығаңды салақтап,
Ертеңіне болғанда,
Талқыманың тал түсте.
Жердің жүзін қаптаған
Желкілдеген түу келеді,
Күннің көзін жапқандай,
Жер қайысқан қол келеді.
Осы қолдың ішінде
Аты бейне бір таудай,
Өзі бейне бір таудай
Жолай деген кәуірің
Келе жатқан көрінеді.
Осы қолдың ішінде
Қара ала ат мініп шіреніп,
Қызыл желек ту алып,
Жалаңаш қылыш қолға алып,
Ілгері кейін бастырмай,
Қытайлардың қыр мұрынды Қоңырбай
Алдыңғы қолын бір тежеп,
Бірде жортып келеді дейді.
Оны көріп Ер Манас,
Шораларға айтты дейді:
«Саурандықтан көкала сақал Алмамбет,
Алаша мойын қылша сан,
Ардақ туған Сарыала,
Сарыалаға міне гөр,
Қарағай найза, қақ сүмбі
Қолтыққа қынап ала гөр.
Жылға жерден желе гөр,
Ойпат жерден қоя гөр,
Бөгет жерден буға гөр,
Шүңейт жерден шөге гөр,
Сарыаланы борбайлап,
Қақ тұсыңа келгенде,
Қоңырбайды қашырып,
Бөксере бір қуа гөр.
Қомпайып ерлік қыша гөр,
Шамаң келсе, ат-матымен ала гөр,
Оған әлің келмесе,
Атын алып шыға гөр, шорам,
Босытып сүргін сала гөр, шорам,
Сонда құдай берер де, шорам,
Сонда құдай бермесе,
Бізді оның ұрғаны...
______________________
Сонда көкала сақал Алмамбет
Манастың айтқанындай қылған дейді,
Дегеніндей тиген дейді.
Жылға жерден желді дейді,
Жылып жақын келді дейді.
Ойпат жерден ағызды,
Бөгет жерден бұқты дейді
Шүңейт жерден шөкті дейді.
Қарағай найза, қақ сүмбі,
Түкіріп қолға, күш алып,
Жау ішінде кірді дейді
Саярға шама келмейді,
Белінен қармап бөксеріп,
Атын ала жөнелді.
Сонда жыландай болған кәуірің
Желе түсіп қалды дейді.
Кәуірдің ханы – шоң Жолай,
Ашбуданды қос алып,
Жайдақ қарғып мінді дейді.
Қарағай найза, ақ сүмбі
Алмамбеттің соңынан
Қуа жортып берді дейді.
Сонда Жолай айтады:
«– Әй, қырылған қалмақ солаңдар,
Артымнан бірің келмеңдер.
Басың сенің қанауда, жұртым,
Малың сенің талауда, жұртым,
Осы жерде жатыңдар, жұртым.
Көтінде тіркеу көп болса,
Өзім қармап алайын.
Тіліне анық қанайын.
Өзі жалғыз ол болса,
Өзін сайып алайын.
Тон-тонауын алайын,
Астындағы аттарын
Буданға серік қылайын», - деп,
Жолайдайын батырың
Алмамбетті қуып кетті дейді.
Алмамбеттей батырың
Сиыр құйымшақ Сарыала
Көрінген жерде көрініп,
Көрінбеген жер де Көк түтін болып созылып,
Білінген жерде білініп,
Білінбеген жерде оқ жыландай иіріліп,
Алмамбеттің соңынан Ашбуданмен ер Жолай,
«Айт, шу», - деп жөнелді
Бір сағаттар болғанда,
Ардақты туған Сарыала
Құйрық түбі шылқылдап,
Құлақ түбі былқылдап,
Қаруы жаман кетті дейді.
Алмамбеттей шораның
Екі көзі алақтап,
Екі бұғы салақтап,
Былай қарай көз салса,
Кәуірдің ханы Жолайың
Аузынан түтін бұрқырап,
Көзінен оты жарқырап,
Бұта атым жетіп қалыпты.
Сарыала жайы кеткен соң,
Қараалаға қарғып бұт салды.
Жаудың малы қараала
Ауыздығын қырш шайнап,
Тұрып, міне, қалды дейді.
Сарыалаға тағы қарғып мінді дейді.
Сонда кәуірдің ханы - Ер Жолай
Өкшелей жетіп келді дейді.
Алмамбет пен Жолайдың
Келе жатқан мән-жайын
Еңсегей бойлы Ер Манас
Үңіле көріп қалған дейді.
Сонда, Аққұламен аршындап,
Қабақ жерге қалқалап
Келіп қалған екен дейді.
Өкшелей басқан Жолайың
Алмамбетке жетіп қалған еді,
Оны кәріп ер Манас,
Қарсы қуғын салған дейді,
Қарағай найза, қақ сүмбі
Сайысуға түсті дейді.
Дәудей болған Жолайың
Тоңқайып, әне, қалды дейді.
Ашбуданды ұстап алам деп,
Манастайын батырың
Қуып оны жүрді дейді.
Сонда тұрып Ашбудан
Қаршыға болып құбылып,
Аспанға ұшып кетті дейді.
Сонда Манастайын батырың
Алмамбетке айтады:
«Саурандықтың көк ала сақал
Алмамбет шорам,
Бәрекелде ерлігіңе, әй, шорам,
Бәрекелде серілігіңе, әй шорам.
Ат жауыртпақ терліктен,
Найза саймақ ерліктен.
Мынау кәуір сұмырайды,
Кеңірдекке тебе гөр, шорам,
Басындағы шор тасты
Қан қылмай сілкіп ала гөр.
Ақболат күшін сынайын,
Мынау тұрған кәуірді
Жүрек басқа тебе гөр.
Үстіндегі себілді,
Ат көтермес темірді,
Қан қылмай сілкіп ала гөр.
Ақболат күшін сынайын,
Мынау тұрған кәуірді,
Шатқаяққа тебе гөр.
Бұтындағы көк жеке
Қан қылмай сілкіп ала гөр.
Ақболат күшін сынаймын,
Тырдай жалаңаш қыла гөр», - деді.
Сонда ер Жолайды
Тырдай жалаңаш қылды дейді.
Ұмасынан отырғызып қойды дейді.
Қолыменен аяғынан
Ат көтермес темір себілді
Суырып бір алған дейді.
__________________
Сонда тұрып Ер Манас
Ақболатын айға көрсетсе,
Алтынды балдақ жалтырайды,
Күн көзіне көрсетсе,
Күміс балдақ жайнайды.
Ақболат пен Ер Манас
Жолайдың басын кескен дейді.
Атасы басқа кәуірдің
Басы домалап қалған дейді.
Ұзыннан сулатып қойған дейді.
Ақболат күшін сынауға
Тағы салды Жолайға,
Боғы, шегі араласты.
Асыра сілтеп кетіпті.
Етін қиған Ақболат,
Иінін шапқан Ақболат
Жерге кетті зымырап,
Тұтқасы қалды алмастың,
Қара жердің жарығы
Осыдан қалған демей ме?
Бұлбұлдың кең тоғайынан,
Кең сауырлы Сарыала
Жүз түйенің отынын
Теңдеп алып келген дейді.
Таудай қылып жақты дейді.
Осы жерде Жолайдың
Қанды киімін жақты дейді,
Сүйегін өртке берді дейді.
Қыбыладан соққан қызыл жел
Күлін көкке ұшырды.
Кісі көңілін босатып,
Тастай жүрек жұмсатып,
Мұңлы сөзін тебірентіп
Қаршыға болған Ашбудан
Айналып жүріп үн салды.
«Қан ішер, қандай кәуір сен едің?
Хан иемнің қарға шұқыр қанын қойсаңшы!
Түлкімүжір жемтігін тағы қойсаңшы!
Атаңның кегі бар ма еді?
Анаңның кегі бар ма еді?
Бастағыдай тәуір бола алман,
Манас, саған ұстатпан,
Хан Жолай иемнің жолында
Ас-су татпай қатпасам,
Ашбудан атым құрысын», - деп,
Лаулаған отқа түсіпті,
Ашбуданның қайда кеткенін
Сонда ешкім білмепті.
Енді кәуірлерге ұмтылады:
Ала байрақ, қу найза,
Жаудыраған қырық шора.
Қырық шораның бәрінде
Бататары мойнында,
Тезатары қойнында.
Жетіп келді шоралар,
Жусаған қойдай болысып,
Жетер екен көп кәуір,
Ай жағынан тиген дейді,
Айтадан сүрең салған дейді.
Күн жағынан тиген дейді,
Күндү сүрең салған дейді.
«Манас! Манас!» Манастап
Қашырып, жауды қуған дейді.
Тарсылдатқан топ мылтық
Тарсылдатып атты дейді.
Күрсілдеткен көп мылтық
Күрсілдетіп атты дейді.
Алты сандай кәуірді
Алты аралап қырған дейді,
Жеті санды кәуірді
Жеті аралап қырған дейді,
Ат бауырынан жын болды,
Ер қасынан қан болды.
Жан-жағын қараса,
Бір тірі жан қалмапты.
Көз үшінде, далада,
Кетіп барады бір баран.
Қуып берді Ер Манас.
Жақын барып, таныды.
Қытайлардың қыр мұрынды
Қоңырбай батыр ол екен.
Алқара аты астында,
Суcap бөрік басында,
Талғардың суы тасып бір,
Кең меженің суы
Шарасынан асып бір,
Қан көбігі аралас
Ағып Іле жатқан дейді.
Қандай еді Алқара?
Маңдайына дақ салды дейді.
Қырық құлаш алтын құйрығын
Манастайын батырың
Түбінен қармап алды дейді.
Құйрық түбінен жұлынып,
Қолында оның қалды дейді.
Өзі құтылып кеткен дейді.
Енді Алқараға тіл бітіп,
Қоңырбайға айтады:
Қытайлардың қыр мұрынды Қоңырбай ием,
Құлағымнан айрылып, ием,
Мен шұнақ қара aт болғанмын,
Құйрығымнан айрылып,
Шолақ қара ат болғанмын,
Менің құйрық жалым құрысын,
Менің Жолай алыбым қайда?
Жолай онан әрі құрысын,
Жаныма серік болатын,
Жалымды қасып беретін
Ашбудан күлік ол қайда?
Ашбуданым құрысын,
Қапқалы қалың, көп жұртым
Шалқыған менің ол қайда?
Онан қалып не болдық, ием?
Елге не деп барамыз, ием?
Жұртқа не деп барамыз ?
Жұртқа не деп көреміз, ием?
Сонша жаннан айрылып,
Елге қайтып барамыз?
Өлсек, өліп қалалық, ием.
Өлмесек, Манастан кекті алалық, ием.
Ат арып мынау қалыпты, ием,
Ерін кезеріп мынау қалыпты, ием.
Іргеміз түгел емес-ті.
Кел қайталық, ay, ием,
Судан қайта кешелік, ием.
Қаруына келген соң,
Қайратына төнген соң,
Қытайлардың қыр мұрынды батыры
Шырқап, әне, кетті дейді.
Манасқа келіп үн салды.
«Тоқта, Манас, тоқтай гөр!
Менің, әліде болса, әлім бар.
Алыссам, тағы күшім бар.
Күрессем, тағы күшім бар.
Арқалықтың сары дала,
Ат жарыспақ ойнайық.
Үзеңгінің бауынан
Аударыспақ ойнайық.
Қамшыменен тартысып,
Тізгіндерді үзісіп,
Онан айла болмаса,
Найзамен сайысып,
Оңқасынан ұрысып,
Қылышпенен шабысып,
Балдағы қолда қалысып,
Онан айла болмаса,
Тақиядан бас шұқып,
Тартып алып берісіп,
Онан айла болмаса,
Ай мүйізді айбалта,
Айбалтамен шабысып,
Үлкен ойын қылалық» - деді.
Содан тақиядан бас шұқысты.
Манастайын батырың
Ашып оны берді дейді:
Одан кейін ай мүйізді айбалта
Қолына алып, түкіріп,
Жүгіріп келіп, Манасты
Қарсы беттен, шапты дейді.
Тас шапқандай шақ етті.
Одан кейін Ер Манас:
«Шабыс олай емес, - деп,
Шабу былай болад», - деп,
Қоңырбайды айбалтамен шапты дейді.
Сонда Қоңырбайдай батырың
Тоңқайып жатып қалды дейді.
Манастайын батыр ың
Ертең тартып кешінде,
Кешінде тартып бесінде,
Аққұладай тұлпармен
Қанатты құстай жортып берді дейді.
Міне, Манастайын батырың
Қырық шораға келді дейді.
Көгіршіндей ер тонап,
Көңілменен түйілді.
Сауысқандай ер тонап,
Санасын басып алды дейді,
Ер-тоқымды aт айдап,
Aт үстіне ер байлап,
Манастайын батырың
Бір қуаныш көрді дейді.
Қырық шораның бәрісі
Он екі саннан олжа алып,
Шоралардың кенжесі
Таз Байымбет батырға
Жеті сан олжа берді дейді.
Сонда Манастайын батырың
Үйіне жетіп барды дейді.
Кәуірдің жұртын қанап жеп,
Мұсылман жұртын санап жеп,
_____________________
Қара суда кеме жоқ,
Еңсегей бойлы Ер Манас,
Қақсай беруге шама жоқ,
Аяғы - Бөтегелі Қойтастан,
Басы - Қызылқия, Сантастан,
Сұрап жатқан жері сол.
Қаны қара, беті көк
Манастайын батырың,
Бауыры шұбар, сырты көк
Қара шоқты қалмақтың,
Оның жұртын бір алды.
Қызыл шоқты Қытайдың
Оның жұртын бір алды.
Қазаққа жылқы қоймады,
Қалмаққа тыныштық бермеді.
Үй жағалай бар,
Үй бас сайын биі бар.
Жалғыз атын баптаған,
Жалаң найза саптаған
Қырғыз деген пашадан
Қолтұрмаштан бала алған.
Қоқилатып ер сайған,
Құшағымен қыз алған,
Қырғыз жұртын таға алған.
Кетпенін талға саптаған,
Қар суын жастай мақтаған,
Көк есегін мәпелеп,
Кер торы аттай баптаған.
Өлігін тірідей сақтаған,
Тандырға нанын қаптаған,
Алпыс ақкіс, қырық құндыз
Алым жеген Қашғардан.
Сексен байтал, жүз құндыз
Зекет жеген Қоқаннан.
Қоқандықты қор қылған,
Ер Манастай батырың
Өзбегіңді түзеткен.
Сөге көрме, батырлар,
Қарағай найза шатырлар.
Бұ жорықты қойыңдар,
Бұ жорықты қоймасаң,
Қысыр қалар қатындар.
Мұнан кейін, жақсылар,
Манастайын батырға
Бір патиха қылыңдар.

Манастың бұл сапар әңгімесі осымен бітті.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз