Саған келсем арқа-басым жадырап

Бұл бетте «Саған келсем арқа-басым жадырап» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Саған келсем арқа-басым жадырап,
Жыр да оқып желпінемін азырақ.
Күйші болып әлде бір күн кетем бе?
Айтқан сырдан іштегі үнім саздырақ.
Келгендей-ақ жаудың бетін қайтара,
Есігіңді ашып кірем айқара.
Қатарымдай қалжың да айтып қажаймын,
Осы інің сайқымазақ сайтан, ә?
Сен де ақтарып ішке бүккен сырыңды,
Жиі аласың еске жастық күніңді.
«Соңғы кезде қылық ашып жеңгең де, –
Жымиясың, – алмайды, – деп, – тілімді».
Әдетімен, жаны таза жақсының,
Түс суытып демедің сен басшымын.
Өзің теңдес ағалардан абзалы,
Мұндай мінез аз көріп ем, тап шыным.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Саған келсем арқа-басым жадырап өлеңінің авторы кім?

Жарылқасын Аманұлы — осы өлеңнің авторы.

Саған келсем арқа-басым жадырап өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Саған келсем арқа-басым жадырап өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жарылқасын Аманұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Саған келсем арқа-басым жадырап өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері