Сужүрек – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Сужүрек» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 1477
Нағашымның баласы –
Айдар келді қаладан.
Үлкенсуін қарашы –
отыр үйде манадан!
Мақтанып ем достарға
"Туысқаным келді!" — деп.
Барлық бала тосқанда,
ойнамайды енді кеп…
Апасының қасынан
шықпай қойды екі елі.
Мен тыпырлап асығам:
достар күліп кетеді.
Шықпай қойды далаға,
бұғып қорқақ баладай.
Мен барғанда қалаға,
кетеді өзі қарамай.
Аттамайды бір адым,
әкесімен тұрады.
Маңырап еді лағым,
"Жылай ма?"— деп сұрады.
Бұзау көрсе, сасады:
"Мынау мені қуды!" — деп.
Қозыдан да қашады,
бұл не қылған сужүрек?!
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері