Өлең, жыр, ақындар

Балықтар

  • 07.12.2015
  • 0
  • 0
  • 3361
Көксерке - Ақжайықтың әміршісі,
Оны да солай еткен тәңір күші.
Жолында ағып өткен сәуле қалып,
Балықтар басын иген үлкен-кіші.
Шынында ол - су астының найзағайы,
От болып жүрген жері, барған жайы.
Жүрегін жандырады сұлулардың,
Естіліп құмарлықтың жан айғайы.
Қара көз, бұраң дене, қызыл көйлек -
"Жасынан әлпештеген қызым ғой" деп,
"Сен ал!- деп ұсынады балық біткен,
"Таңдайтын сендер емес, өзім ғой!" деп.
Паң сері, балық патша көлденең кеп
Тұрады, көз алдында көлбелеңдеп.
Билейді судың сұлу бикештері,
"Көңілдің бәйгесінен мен келем" деп.
Бір кезде өткір көзі тоқтай қалып,
Қадалар біреуіне оқтай барып.
Зу етіп дәл қасынан өте шығар,
Жөнелер нөкерлері доптай қағып.
Ішінен ақ пәуеске көресің тек
Бұлқынған ақ тортаның денесін тек.
Жебенің суылдаған желі еседі,
Атылған адырнаны кере сілтеп...
Содан соң Жайықты өрлеп екі ғашық,
Жүректің лапылдаған өртін басып,
Айқасып қанаттары - құшақтары,
Аунақшып, бауырласып, қолтықтасып.
Шашатын уылдырық күндер туып,
Ойласар ұрпақ қамын бірге тұрып.
Сол кезде түседі еске жүрген шағы
Су астын махаббатқа бір толтырып.
"Ойбайдан" он шықпас,
"Гөй-гөйден" күй шықпас,
Тұншығып барамын,
Қарағым, түндікті аш!
Оңымнан жел тұрсын,
Жаным бір желпінсін,
Шырақшы әніңді,
Сәнімді келтірсін.
Тұрмыстың күйбеңі,
Қаншама сүйреді,
Қалды ғой сүлдерім,
Қызыққа қи мені!
Тілекті ал өтінген,
Айықтыр дертімнен.
Өткендей болайын
Қиямет көпірден.
Қажыдым мүлде мен,
Айтпашы мұңды өлең,
Бақытты бір ән айт
Бұрын мен білмеген.
Тасиын, толайын,
Тұғырға қонайын.
Тәңірінің қасына
Барғандай болайын.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қалбаның бір қабаты

  • 0
  • 0

Қалбаның бір қабаты сонау сілем,
Кей-кейде арасында айғай-сүрең.
Алтайдың аюлары еріккенде
Ойнайды тас лақтырып жолаушымен.

Толық

Таразы ақын

  • 0
  • 0

Аралда жолықтым бір аушы қартқа,
Теңіздің жағасында, күн шуақта,
Отырып судыраған құм үстінде,
Айдын да аласұрмас тыныш уақта.

Толық

Би

  • 0
  • 0

Қыз тудың, атын Дили деп қойдым,
Ержетті Дили, ұқсады саған.
Дилижан қызым, мерекем, тойым,
Екінші биыл класқа барған.

Толық

Қарап көріңіз