Мен – Фариза Оңғарсынова

Бұл бетте «Мен» атты Фариза Оңғарсынова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.02.2022
  • 0
  • 0
  • 3177
Халқымыздың сенімі,
жақсылардың серігі –
күрестерде шыныққын
ағаларға мен іні.
Әнмен алға аттаған,
ар-намысты сатпаған.
Жеткіншегім менің деп,
ағаларым мақтаған.
Туған елім — бай далам,
даламда еңбек қайнаған.
Ұланымын Отанның
қиындықтан таймаған.
Мен— елімнің күлкі, әні,
болашағы, нұр таңы,
ерліктерге бастаған
бабалардың ұрпағы –
ұланымын елімнің!
1976


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері