Агаги, Қалқаш – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Агаги, Қалқаш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2019
  • 0
  • 0
  • 1568
Қиылған құндыз кірпік, қолаң шашты,
Көргенде туған асыл қарындасты,
Ойымда тоқсан түрлі толқын туып,
Көңілден мазам кетіп, ұйқым қашты.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!

Жіңішке бітер айдай сұлу қабақ,
Ақ сүттей толықсыған уыз тамақ.
Шыдасын қалай ғана, шіркін, көңіл,
Агаги отты көзін тұрса қадап.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!

Қалайша сонда ойда тумас жалын,
Сөндірер сол жалынды бар ма амалым.
Жасырар бар ма менің әл-қуатым,
Махаббат деген тәтті арман барын.
Агаги, қалқаш, ага ги-гай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері