Керек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Керек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 22.07.2019
  • 0
  • 0
  • 2174
Балаға ана керек,
Анаға бала керек.
Қорғайтын екеуін де
Отаны – пана керек.
Батырға берен керек,
Ақынға өлең керек.
Екеуі біріккенде,
Ел күші кемелденбек.
Үлкенге иман керек,
Кішіге иба керек.
Адамдар бірін-бірі
Құрметтеп, сыйлау керек.
Жастарға білім керек,
Бәрін де білу керек.
Азамат болсаң алғыр,
Анашың: «Күнім!» – демек.
Үйіңе түндік керек,
Биіңе шындық керек.
Адамды алға бастар
Таусылмас тірлік керек.
Сол үшін талмау керек,
Биікке самғау керек.
Бойыңда бар жақсыны
Халқыңа арнау керек.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері