Абайкөк (6 ­нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Абайкөк (6 ­нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.09.2019
  • 0
  • 0
  • 1625
Қарағым, айналайын, мінезіңнен-әй, Абайкөк!
Келмесең шақырғанда, кінә өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арманым жоқ!

Толғатып тоқсан әйел ұл тапса да, Абайкөк.
Садақа соның бәрі бір өзіңнен,
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!

Жапалақ жалбаң-қалбаң ұшар сайдан, Абайкөк.
Лашын құс қуып жетер әлде қайдан,
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!

Шырқаған еркін даусың жүрегімде, Абайкөк,
Ауылың алыс кеткенде-ай, қарағым.
Аршын төс, алма мойын келдің қайдан?
Әй, бір көрсем сені, арман жоқ!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері