Өлең, жыр, ақындар

Бәріміз де жендетпіз

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 751
(өткеннен үзінді, қазіргіге шолу)

Таспен жардық бір басты,
Сөзбен жардық бір басты.
Бабам салты көміліп,
Қасиетімді құм басты...
Көмбес едік құмға біз,
Айналмас ек құлға біз,
Бытыратты тарыдай
Билік қылды қу қоңсы!
Монғол өттік, тау асып,
Қытай өттік түн қатып,
Үнді жері – тақырда
Қаталадық шөл батып.
Жорық жолы ауыр-ды,
Жаным талай ауырды.
Гималайда тастадық,
Бала менен бауырды.
Саясаты салдақы,
Қан жусатты солдаты.
Жосадай қып жерімді,
Кебінсіз ер көмілді.
Жазықсыздан жазғырып,
Жазаланған қазақпыз.
Тірі жүру үшін де
Азап алған қазақпыз.
Өшіп кете жаздаған
Қазақ аты қазақпыз.
Қуғын-сүргін сарқыты
Сондықтан біз аз-ақпыз.
Қырғыз деді – құптатты,
Қайсақ деді – құптатты
Қосаққа алған інгендей,
Дегеніне жұптапты.
Ата салтты таптатты,
Өзінікін мақтатты,
Интернационал деп,
Өзге ұлтқа жұптапты.
Бірте-бірте дінімнен,
Дінімнен соң тілімнен,
Тілімнен соң ділімнен
Тап осылай бездірді.
...Таспен жарсақ бір басты,
Сөзбен жарсақ бір басты.
Қасиетсіз қалған соң...
Алды жайлап албасты!
Жолдан тайса періште
Азғырады пері іште!
Дұрыс басқан қадамың
Бастап тұрар теріске...
Байбаламнан не пайда?
Бағыт қайда, жөн қайда?
Қазақ болып қалуға,
Тіпті мүлдем болмай ма?
Иман безсе жүректен,
Бата қалса тілектен,
Көрінгенге ермекпіз,
Ермеліге (жын-перінің аты) ермекпіз!
Жалдамалы жалғанда
бәріміз де жендетпіз!
Тек шетелде оқимыз.
Ассалау емес, о”кейміз,
Көкиміз-ау, көкиміз!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сені де Алла жаратты

  • 0
  • 0

Сені де Алла жаратты,
Мені де Алла жаратты
Ләм-мим деуге хақым жоқ,
Сенгенім жерге қаратты...

Толық

Аға рухымен сырласу

  • 0
  • 0

Сенің жарың отырса,
Ойша өзіңмен сырласып,
Ойша өзіңмен мұңдасып,
Керегі жоқ тіл қатып,

Толық

Өмір жыры

  • 0
  • 0

Үміттерге сыйладың арай төккен жаңа таң.
Жапыраққа шаттанып, қол соғуға – алақан.
Сағынысқан ғашықтар жолыққандай қайтадан
Бұтақтарға иілгіш құшақ бердің айқара...

Толық

Қарап көріңіз