Райхан гүл – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Райхан гүл» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 3347
Ақ көйлек,қызыл қамзол, лағыл маңдай,
Аузың бал, тілің шекер,нәзік таңдай.
Халіңнің қасіретінен берші хабар,
Жолыңа сарп етейін жиған малды-ай.

Қайырмасы:
Ахау,құрбым,қыз - қызыл гүл,
Лағылша жазғы таңғы райхан гүл!

Сүмбіл шаш, пісте мұрын,лағыл иек,
Шынардай он саусағың құлжа сүйек.
Осындай ғашық жардан айырылған соң,
Жалын боп жарым үшін жүрмін жүдеп.

Қайырмасы:
Ахау,құрдас, сіз бір мұңдас,
Жерлерге көк майсасыз бір күн қонбас.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері