Іңкәр-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Іңкәр-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.05.2019
  • 0
  • 0
  • 2766
Ер тоқымнан кетпейді аттың қағы,
Талаптанбай ашылмас ердің бағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.

Тәуекелге беліңді бек байлайсың,
Ер жігіттің арымас арғымағы.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.

Иран бақтың, ай, қалқа, гүлідейсің,
Піскен алма алқызыл түріндейсің.

Іңкәр-ай, Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.

Жүзіп жүрген судағы сен ақ қайран,
Салсам қармақ өзіңе ілінбейсің.

Іңкәр-ай,Жанипа-ай,
Жарамайсың, Әнипа-ай.
Ақылың абзал қалқам-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері