Қазақ деген ел
Сонау ығылым заманнан,
Қазақ деген халық болып таралған.
Қойдан жуас болғанымен,намысты,
От жүректі, өжет ел боп жаралған
Елін,жерін, бесігін жауға бермеген,
Болса да батпан азап соры көп көрген.
Тапталып,жаншып, жатса да көктей оталып,
Намысты елім тырмысып көкке өрлеген.
Жесірін жатқа, жетімін жәутең етпеген,
Кетігін тауып,толтырған орнын жетпеген.
Намысын қайрап, жігерін ұштап,бірлікте,
Ілескен өмір көшіне жылжып өтпелең.
Қазақ деген ел,
Жылжыды жылжып толқындай,
Бой көтерді жас шынар шыбық солқылдай.
Күні бір туып шуағын төгіп оңынан,
Солынан туды нұрына орап алтын Ай.
Нұрсұлтандай,
Бағына туды бір алып,
Болашаққа бастады халқын жол салып.
Қазақстан қанатын жайды ел болып,
Азияның Барысына айналып.
Жолдады жолдау әр жыл сайын саналы,
Үндеді үндеу, халқына арнап бағалы.
Өркендеді өндіріс жолы өнімді,
Қамқорлыққа бөленді ана балалы.
Қандастар жетті ата бір жұртқа аңсаған,
Өзге елде жүріп шерменде болған қанша адам.
Қазақ деген ел достыққа ашып жүреген,
Тұғыры биік, туы тік тұрды басқадан.
Қазақ деген ел басып бір өтті жолды алыс,
Қазақстан айбыны асқақ-жолбарыс.
Ақтабаннан асып, желтоқсанды жарып өткенде,
Сөз емес оған өтпелі кезең дағдарыс.
Қазақ деген елім
Басыңнан бағың таймасын,
Ұл-қызың текті бабалар жолын жалғасын.
Іргесі тыныш, ел-жұртым аман-сау болып,
Қыраны көкте, ұланы жерде самғасын.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі