Шырқашы, қалқа, шырқашы! – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Шырқашы, қалқа, шырқашы!» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Шырқашы, қалқа, шырқашы,
Жөнделсін күйім самарқау.
Оянсын көңіл ынтасы,
Тұтансын сөнген жанартау.
Жүзіңе дәлдеп қарайын,
Жұлдыздай естен тандырған.
Шырқашы, ләззат алайын,
Тілегім сол ғой тағдырдан.
Толқысын, келсін бабына,
Балқысын денем, нұр шарпып.
Дертімді батқан жаныма
Әніңмен берші жұмсартып.
Шырқашы өзек жандырып,
Бір күйіп, бірге жанайын.
Қалайын құмар қандырып,
Сүйсінтіп сұлу арайың.
Үніңнен сәуле жияр ем,
Сәскедей көріп іңірді.
Бір мезет үшін қияр ем
Қызыққа тоймас ғұмырды.

2002


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері